Ұлттық тасымалдаушы жаңа вагондарды іске қосты
Нұрлы-Жол вокзал кешенінде Ұлттық тасымалдаушы ресей технологиясына сай отандық «Тұлпар Тальго» зауытында құрастырылған жаңа вагондардың тұсаукесерін өткізді, - деп хабарлайды Қазақпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап.
«Жаңа вагондар – ол «Жолаушылар Тасымалы» компаниясы, бірқатар мемлкеттік органдар мен БРК-Лизингтің бірігіп атқарған еңбегінің жемісі. Басты мақсат – әлеуметтік маңызды бағыттарда қатынайтын жолаушыларға барынша жайлылық туғызу» - деп атап өтті Компания Бас директоры Арман Сұлтанов.
Бұл вагондар тұрақты түрде № 377/378 «Алматы-Маңғыстау» бағыты бойынша қатынайтын пойыздардың құрамына тіркеледі. Сол себепті вагондарды Алматыға жеткізу үшін бір реттік қосымша пойыз ретінде іске қосылып отыр. Жолаушылар тарапынан сұранысты қанағаттандыру үшін жасалып отырған шара. Алматыға бұл пойыз 20 сағатта жетіп, жолда 3 стансаға тоқтайды. Плацкарт вагондары 54 орынға есептелген. Қызмет ету уақыты 40 жыл. Жолдағы максималды жылдамдығы 160 км/сағ.
Вагон ішінде кондиционер жүйесі, өртке қарсы жүйе және су қоры, екі биотуалет, видеобақылау жүйелері орнатылған. Әр вагонда 6 видеокамера орналасқан. Барлық бейне штабтық вагондағы пойыз басшысының қадағалауында болады. Әр купеде және коридорда екі 220В қуат беретін розеткамен және ұялы телефонды қуаттандыруға арналған екі USB-портпен қамтылған. Әр вагонда жолсерікке арналған тоңазытқыш пен микротолқынды пеш, ауыз су диспенсері мен ыстық суымен титан орнатылған. Сонымен бірге байланыс, диагностика және басқару жүйелері қарастырылған. «Жылдың соңына дейін тағы 38 жаңа вагон сапарға шығады. Әр жыл сайын біз өзіміздің вагон паркімізді жаңа 100 вагонмен толықтырып отырамыз» - деді Компания басшысы Арман Сұлтанов.