Қазақстанда желтоқсандағы мереке күндері қосымша пойыздар жүреді
«Жолаушылар тасымалы» АҚ желтоқсанда қосымша пойыздар мен вагондарды іске қосады.
Мереке күндеріне сұраныстың артуына байланысты үш бағыт бойынша қосымша пойыздар жолға шығады. 14, 28 желтоқсанда Алматы-2-Шымкент екі рейсі Алматы-2 вокзалынан шығады. Шымкенттен – 2018 жылғы 15, 29 желтоқсанда шығады.
14, 18, 28 желтоқсанда Астана-1 – Павлодар үш пойызы жүреді. 15, 19, 31 желтоқсанда Павлодардан Астанаға жүреді. 1, 30 желтоқсанда Астанадан Алматыға, 1,31 желтоқсанда кері бағытта жүреді.
Сонымен қатар 9 желтоқсаннан бастап Қарағанды - Томск қаласына № 363/364 жаңа маршруты күн ара жүретін болады.
Мереке күндері жолаушылардың сұранысына байланысты 700-ден астам тіркемені енгізуді жоспарлап отыр. Тұңғыш Президент Күніне (2018 жылдың 30 қарашасынан 2018 жылдың 4 желтоқсанына дейін), Тәуелсіздік күні (2018 жылғы 15-19 желтоқсан) – 250-ден астам қосымша вагон, Жаңа жылдық мереке күндері (28 желтоқсаннан бастап 3 қаңтарға дейін) қосымша 250 вагон енгізіледі.
«Жолаушылар тасымалы» туралы егжей-тегжейлі ақпарат үшін темір жол станцияларына немесе 105 бірыңғай анықтамалық қызмет нөміріне хабарласуға болады.
Stan.kz