Павлодарлықтар 1 желтоқсанда қоғамдық көліктерде тегін жүреді
Астана, BAQ.KZ. Gfdkjlfh j,kscsylf Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күніне ауқымды мерекелік бағдарлама жоспарланып отыр. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
Бұл туралы қалалық әкімдікте айтты. Халықтық мереке мен жәрмеңке 30-қарашада басталады.
«1 желтоқсанда барлық азаматтар үшін қоғамдық көліктерде жүру тегін болады. Бұдан бөлек, бұл күні «Сарыарқа» шағын ауданында екі тұрғын үйдің кілттері табысталады», - дейді қала әкімінің баспасөз қызметінде. Тұңғыш Президент күні кинотеатрлар мен сауда нүктелерінде жеңілдіктер қарастырылған. Алаңдарда бұқаралық және спорттық шаралар ұйымдастырылады.
Тәуелсіздік күніне орай жаңа шағын ауданда тұрғындар қоныс тойын атап өтеді.
Пікір 2