» » АТАУЛЫ КҮН АЯСЫНДАҒЫ ШАРАЛАР

АТАУЛЫ КҮН АЯСЫНДАҒЫ ШАРАЛАР

Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шаралар наурыздың 14-нен 22-не дейінгі күндері жалғасады. Биыл орталық алаңда бой көтеретін киіз үйлерде келушілерге арналып тақырыптық экспозициялар дайындалып, дәстүрлі әдет-ғұрыптарды көрсететін театрландырылған көріністер ұйымдастырылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов хабарлады.
Наурыз мейрамын атап өтуге арналған арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Аптаға созылатын мерекелік шаралардың әр күніне тақырыптық атаулар берілген. Оған үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени, ардагерлер және жастар бірлестіктері, мәдениет қайраткерлері, еңбек ұжымдары мен бизнес қауымдастық өкілдерін белсенді түрде тарту көзделіп отыр.
– Мерекелік бағдарлама 7 тақырыптық бағыт бойынша, яғни «Наурыз дәстүр», «Наурыз-жаңару», «Наурыз салауаты», «Наурыз тарту», «Наурыз думан», «Домбыра думан», «Наурыз береке» деген атаулы күндерге негізделген. Бұл күндері жастар арасында түрлі спорттық сайыстар, оның ішінде заманауи спорт түрлерінен біріншіліктер өтеді. Халыққа колжетімді бағада ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі де ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, қаладағы ерікті жастардың бастамасымен «Ардагерлерге тағзым» атты жоба аясында Ұлы Отан соғысы, еңбек және тыл ардагерлері, тұрмысы төмен жалғызбасты азаматтар тұратын үйлер аулалары тазартылып, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына жәрдем беру шаралары жасалады. Сонымен қатар, мереке қарсаңында «Наурыз-Көк» тақырыбымен жалпыхалықтық сенбіліктер ұйымдастырылып, «Наурыз-Тал» экологиялық акциясы аясында 2000 ағаш көшеті отырғызылады. 19 наурыз күні Қазантаев көшесінің бойында «Сыбаға», «Жайна», «Талғат» базары кәсіпкерлерінің тұрғындарға арналған тартуы ретінде киіз үйлер тігіліп, халыққа дәмділер тегін таратылатын болады, – деді Шахмардан Байманов.
Сондай-ақ, 22 наурыз күні орталық алаңда Астананың 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай, тақырыптық бағыттары бекітілген киіз үйлер тігіледі.

Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».
19 наурыз 2018 ж. 1 115 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930