ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Күн мен түннің теңеліп, жер мен көктің жаңаратын мезгілінде қазақ Ұлыстың ұлы күні – наурыз мейрамын тойлайды. Шұғыласын төккен шуақты көктеммен бірге келетін бұл мерекені аудан орталығындағы іргелі білім ошақтарының бірі – №201 мектеп-лицейі атап өтті. Мектеп ұжымы халқымыздың салт-дәстүрлерін қайта жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды насихаттады.
Ұлыстың ұлы күні халық үшін қасиетті мейрам. Иә, шынында жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы шуақты көктемде аталып өтетін бұл күні табиғат жаңа түлеп, қайта туғандай күйге енеді. Наурыз мейрамының алдында ел «Амал» мерекесін атап өтеді. Бұл – көрісу күні. Яғни, ел жұрт қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірінің үйін аралап, қол алысып, иық қағыстырады. Мерекеге арнайы жайылған дастарқаннан дәм татып, бір-біріне ыстық ықыластарын жаудырады. №201 мектеп-лицей ұжымы да игі шараны көрісумен бастады. Ұстаздар қауымы биылғы жылғы жыл басын ерекше қарсы алды. Олар пән бірлестіктері бойынша қазақ салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіп, өзара білім, біліктерін сынады. Тарқатып айтсақ, қазақ тілі пәні бірлестігі баланың дүниеге келуінен көрініс көрсетсе, орыс тілі пәні бірлестігі бесікке салар салтын, ағылшын тұсаукесер, физика-математика қыз ұзату салтын, тарих пәні келін түсіру, химия-биология ерулік салтын көрермен назарына ұсынды. Атаулы мейрам ұлттық дәстүрімізді танытып, жаңғыртып, ұлтжандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелейді. Бұл мейрам халқымыздың ерте заманғы тұрмыс-тіршілігінің табиғат-анамен тығыз байланыста болғанын көрсетеді. Мектеп ұжымы да мейрамның түпкі мақсатын, қандай салт-дәстүрлер орындалатынын, қазақы жөн-жоралғыларымызды аса көрнекті, шынайы, әдемі күйде жеткізе білді. Ақ түйенің қарны жарылған, жер беті жаңарып, жасарып, тіршіліктің тірілген кезеңін, байырғы қазақ даласындағы бауырсақ, қымыз-шұбат, құрт, айран, наурыз көжеге толы аста-төк, кең дастарқанды, береке мен татулықты ту еткен бауырмал жұртты көз алдымызға әкелді. Өнерпаз бүлдіршіндер де шет қалған жоқ. «Мұрагер» домбырашылар ансамблі қос ішекті домбыра шанағынан күй төгілтіп, әнші балапандар ән шырқады. Мәре-сәре, азан-қазан, шат-шадыман күйде «Жаңа күнді» қарсы алып, ерекше әсерге бөлендік. Бала дүниеге келді, азан шақырып ат қойдық, қыз ұзатып, келін түсірдік. Нағыз қазақтың киіз үйдегі мамыражай өмірі, берекелі тұрмысы, ұлттық құндылықтары жанымызды жадыратып, рухани азық алдық.
Бұдан бөлек, шарада батагөй ақсақалдар батасын беріп, ақжаулықты аналар ақ тілегін арнап, өнерлі жастар «Жарапазан» жырын айтты. Тәттіден шашу шашылып, наурыз көже үлестірілді. Іс-шара соңында көрермен көзайымына айналып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлаған пән бірлестіктері марапат төрінен көрініп, қатысушылардың алғысына бөленді.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ,
М.АХМЕТОВ (сурет).
М.АХМЕТОВ (сурет).