» » КӨРІСУ КҮНІ КӨҢІЛ ЖАДЫРАДЫ

КӨРІСУ КҮНІ КӨҢІЛ ЖАДЫРАДЫ

Орталық алаңда аудан тұрғындарының қатысуымен «көрісу күні» аталып өтті. Осы күні қыстан қысылмай шығып, жыл басы – Наурызға аман жеткен жалағаштықтар бір-бірімен төс қағысып, ізгі тілектерін айтты.

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамының бастауы, жаңа жылдың жаршысында ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүріміз дәріптелді. Халықты ізгілік пен татулыққа үндейтін мерекелік шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов жиналған қауымды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Мереке аясында алтыбақан құрылып, жергілікті өнерпаздар театрландырылған қойылымды, арнайы концерттік бағдарламаны халық назарына ұсынды. Сондай-ақ, түрлі ойын-сауық ұйымдастырылып, мерекенің басты сәні – наурыз көже пісірілді.
Бұл күні адамдар ерте тұрып, жасы кішілер үлкендерге арнайы сәлем береді. Көрші-көлемдер үй аралап, «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш ұмытылып, асқа шақырып, келген меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді. Өнерпаздар сахналаған қойылымнан осындай ізгі-амалдар мен бауырмалдық, мейірімділік көрініс тапты.
Шара соңында жиылған жұртшылық киіз үйде ұлттық тағамдардан дәм татты.
Н.ҚАЗБЕКОВ,
М.ТАБЫСБЕКҰЛЫ (сурет).


17 наурыз 2018 ж. 1 629 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930