» » 2018 жылы қазақстандықтар қай күндері демалады?

2018 жылы қазақстандықтар қай күндері демалады?


Биыл мерекелерге байланысты қазақстандықтар қанша күн демалады? ҚР Еңбек Кодексіне сай кім қанша сағаттан артық жұмыс істеуге тиісті емес?


Елімізде мереке күндері екіге бөлінеді: ұлттық және мемлекеттік мерекелер. Бұл күндер қазақстандықтар үшін жұмыс күні болып есептелмейді. Егер мереке күндері демалыс күндеріне сай келсе, мерекелік демалыс келесі жұмыс күніне ауысады.
Қазақстан Республикасының мереке күндері:
Ұлттық мереке:
  • Тәуелсіздік күні – 16 – 17 желтоқсан;
Мемлекеттік мерекелер:
  • Жаңа жыл – 1–2 қаңтар;
  • Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз;
  • Наурыз мейрамы – 21–23 наурыз;
  • Қазақстан халықының бірлігі күні – 1 мамыр;
  • Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр;
  • Жеңіс күні – 9 мамыр;
  • Астана күні – 6 шілде;
  • Конституция күні – 30 тамыз;
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан.
“Қазақстан Республикасының мереке күндері” заңына сай, 2018 жылда мереке күндері сенбі, жексенбі күндеріне түсу себебінен демалыс уақыты былай өзгереді:

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 1 желтоқсаннан  3 желтоқсанға дейін, 16 желтоқсаннан 18 желтоқсанға дейін; алты күн жұмыс істейтіндер 6 желтоқсаннан 18 желтоқсан аралығында демалады.

 2018 жылы Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 21 тамызға келеді.
Өндірістік жоспар бойынша 2018 жылы жұмыс уақытының нормасы төмендегідей болмақ:
Аптасына 40 сағат жұмыс істейтіндер үшін:
бес күндік жұмыс уақыты
1968 сағат (246 күн * 8,00 сағат)
алты күндік жұмыс уақыты
1984 сағат (247 күн * 7,00 сағат + 51 күн * 5,00 сағат)
Аптасына 36 сағат жұмыс істейтіндер үшін:
бес күндік жұмыс уақыты
1771,2 сағат (246 күн * 7,20 сағат)
алты күндік жұмыс уақыты
1788 сағат (298 күн * 6,00 сағат).
 
Айта кетейік, ҚР Еңбек Кодексінің 68-бабы бойынша, жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.
Cондай-ақ осы Кодекстің 68-бабында көрсетілгендей, әр түрлі жастағы, санаттағы адамдар үшін жұмыс уақыты белгіленген:
  1. 14 жастан 16 жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 24 сағаттан аспайтын;
  2. 16 жастан 18 жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
Ал ауыр жұмыстарда, зиянды немесе қауіпті жерлерде жұмыс істейтіндер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

Сондай-ақ, І және ІІ топтардағы мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақыты аптасына 36 сағаттан аспауы қажет. Әрі олардың күнделікті жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспайды.

Осы Кодекстің 79-бабында көрсетілгендей, жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген уақытын есепке алуды жүргізуге міндетті.

https://baribar.kz
18 қаңтар 2018 ж. 1 873 2

Гость Jeaplause от 17 ақпан 2019 20:32
Order Deltasone Dutasteride Dutas Store viagra Viagra Natur Effects Of Mixing Keflex And Alcohol Buy Viagra Pills Without Prescription

Гость Jeaplause от 8 наурыз 2019 15:01
Levitra Bayer Originale Identify Amoxicillin 250 Mg Priligy 30 Mg Controindicazioni cialis 40 mg Cialis Apotheke Forum

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 781

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031