Солтүстік Қазақстанда бензин бағасы қымбаттап жатыр
Қазақстанның солтүстігінде бірнеше күн бұрын 149 теңге болған АИ 92 маркалы бензин 154 теңгеге бірақ көтерілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап.
Тұрғындар бензиннің бірден төрт-бес теңгеге көтеріліп кеткеніне наразы. Онсыз да қымбатшылық жағадан алған кезде, бұл жығылғанның үстіне жұдырық болған.
Бензиннің бағасын облыстағы ең ірі үш жанармай операторы бір күнде өсіріп жіберген. Оларға Қазақстанның бензині жетпегендіктен Ресейге тасып жатқан көрінеді. Ал Павлодар мен Атыраудағы мұнай өңдеу зауыттары тағы жөндеу жұмыстарына жабылып қалыпты.
Жанармай сатушылар сұйық отынды оңтүстіктен тартуды шығын санайды екен.
Мамандардың сөзінше алдағы уақытта бензин бағасы қайта төмендей ме, жоқ па әлі де белгісіз. Ал бұл жағдай жыл сайын қайталанатынын ескермесек, бензиннің бағасы қайта түспейді дейді тұрғындар.