Ұлттық банк ақшаны айырбастау пунктінде қазақстандықтардың мәліметін жазып алуды неге ұсынды
Ұлттық банк айырбастау пунктінде ақшаны айырбастау кезінде қазақстандықтардың мәліметтерін жазып алуды ұсынды. Бұл ұсыныс қабылданса, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bnews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Норма қабылданса, әр айырбастау операциясынан кейін қызметкерлер журналға адамның жеке куәлігіндегі мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты), берілген күнін, құжаттың нөмірін, жарамдылық мерзімін жазып алады. Сонымен қатар, жаңа талап бойынша айырбастайтын ақшаның көлемі 500 мың теңгеден аспауы керек болады.
Қазақстандық нарықта осы тәжірибе жаңа дүние болып саналады. Ал, Ресейде ол 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Көрші елде айырбастайтын ақша 15 000 рубльден асатын (шамамен 88 650 теңге) болса, заңды тұлғалар төлқұжаттан бөлек, мекенжайы, телефон нөмірі, ЖСН жазылған мәліметтер анкетасын береді.
Қазақстандық нарықта осы тәжірибе жаңа дүние болып саналады. Ал, Ресейде ол 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Көрші елде айырбастайтын ақша 15 000 рубльден асатын (шамамен 88 650 теңге) болса, заңды тұлғалар төлқұжаттан бөлек, мекенжайы, телефон нөмірі, ЖСН жазылған мәліметтер анкетасын береді.
FXPrimus аналитикалық бөлімінің жетекшісі, экономист Арман Бейсембаевтың сөзінше, ұсынылған норма — әлемдік тәжірибе. Батыс Еуропа елдерінде жекеменшік айырбастау пунктерінде ақша айырбастауды елестету қиын.
"Біздің өңірде алғаш рет ол Ресейге енгізілген. Қазір бізге де келе жатқан сияқты. Шетелдік нарықта барлығы өзгеше орындалады. Ол жерде процесстер күрделірек, банктердің биржамен байланысы тығыз. Егер ақшаңыз майда болса, онымен бір есептің көлеміндегі банктер айналысады. Егер ақшаңыз ірі болса, валюта биржасына барып, сол жерде ауыстыра аласыз. Ол жерде пайдаланушыны авторизациялау процессі ертерек жүреді. Егер ақшаны айырбастағыңыз келсе, оны авторизациядан кейін ғана істей аласыз, яғни сіздің мәліметтеріңізді ешкім сұрамайды. Сіздің операцияңыз да мүлтіксіз өтеді. Дамыған нарықтарды тектен-текке дамыған деп атамайды, мұнда барлығы мүлтіксіз әрі түсінікті өтеді. Оның үстіне әр қатысушы мұның не үшін істелетінін өте жақсы біледі. Біз үшін бұл жаңалық, сондықтан осындай дау көтерілді", — деп түсіндірді Арман Бейсембаев.
Сарапшының айтуы бойынша, Еуропада ешкім қомақты ақшамен айырбастау пунктіне жүгіріп бармайды. Өйткені, мұның қажеттілігі жоқ.
"Англияда біздікіндей банктік айырбастау пунктері бар деп ойламаймын. Ол жерде барлығы банктің ішінде жүзеге асады. Ал, банктің өзінде сіздің белгілі шотыңыз бар. Әуреге салынып, қосымша түрде бірнәрсе істеудің керегі жоқ. Оның үстіне, мұның барлығы қазір электронды нұсқада жүзеге асады. Басқаша айтқанда, ақшаны айырбастау үшін қомақты сомманы алып, бір жерге жүгіріп бармайсыз. Ешқандай қажеттілігі жоқ. Мұндай деононимизация бүкіл елде әртүрлі әдістермен пайда болып келеді. Шындығын айтқанда, Еуропадағы кэштің үлесі біздікінен де төмен. Бізде кэшке сенеді. Ал Еуропада оған деген сенім белгілі бір процедуралардың шегінде жүзеге асады. Сіз үшін бір валютаны екіншіге аударудың мағынасы болмай қалады, себебі сіз баяғыда авторизациядан өтіп қойғансыз", — деп толықтырды Бейсембаев.
Сонымен қатар, сарапшының пікірінше, Қазақстан Ресейден тағы да бір норманы алуы мүмкін. Көрші елде бір жыл бұрын айырбастау пунктерінде баға көрсеткішін алып тастады.
"Біздің тәжірибеміз сондай ғой. Бірнәрсені Ресейге ендіреді делік, белгілі бір уақыттан кейін ол Қазақстанға да енеді. Мысалы, былтыр Ресейде айырбастау пунктерінен баға көрсеткіштерін алып тастады. Бізде де сол туралы айтыла бастады. Екі жылдан кейін сондай болатын шығар. Мүмкін одан да ертерек енер. Айырбастау пунктіндегі сандық таблолар тыйым салынуы мүмкін немесе халық уайымға салынбауы үшін ішке ауыстырылып қалар. Түсінесіздер ме, дамыған елдерде барлық айырбастау операциялары банктің ішінде жүзеге асады. Оларда бөлек айырбастау пункті деген жоқ. Олар банктің ішінде. Қаласаңыз да, қаламасаңыз да, барып авторизациядан өтесіз. Бізге банктік емес айырбастау пунктеріне барып, ақша айырбастаған кезде жеке мәліметтерімізді жазып кетуді міндеттегісі келіп отыр", — дейді Арман Бейсембаев.
Сарапшы айырбастау пунктерінің жұмыстарына енгізілген өзгертулерді жалпы мағлұмдауға ауысумен байланыстырып отыр.
"Өзгертулерге байланысты сіз үйде ұстаған ақшаның көлемі қателеспесем 14 млн теңгеден аспауы керек. Сіз ондай ақшаны ұстай алмайсыз. Осы ақпарат тарағанда барлығында ондай ақшаның үйде бар-жоғын қалай біледі деген сұрақ туындады. Қазір қалай анықтайтынын түсіндік. Сіз ақша айырбастайтын жерге келдіңіз деп елестетейік. Сіз долларды ақшаға айырбастап жатырсыз. Айырбастаған ақшаңыздың көлемі 14 млн теңгені құрады. Сіздің мәліметтеріңізді жазып алды. Ұлттық банк оны қарап: "20 миллионды айырбастадыңыз, олар қайда кетті", — дейді.
Үй сатып алып жатсаңыз, сізді үй сатып алды деп тіркейді. Көлік алсаңыз, көлік алды деп жазады. Егер ақша депозитке, немесе бағалы қағаздарды сатып алуға және т.б. жұмсалса, оны оңай анықтап алуға болады. Ақшаңызды ауыстырдыңыз, бірақ олар содан кейін жоқ болып кетті делік. Қайда кетті? деген сұрақ туындайды ғой. Демек, ол үйде жатыр. Сөйтіп сіздің үйіңізге салықтан адамдар келіп: "Білесіз бе, мағлұмдаудың жаңа талаптары бойынша, үйіңізде мұндай ақшаны ұстай алмайсыз, оларды банкке салу керек", — дейді. Менің ойымша, соңы осы", — деп қорытындылады Арман Бейсембаев.
Stan.kz