Заң жобасы әзірленді: Министр 1 қаңтардан қандай өзгеріс болатынын айтты
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмекті берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірледі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тұрмысы төмен отбасылардағы балаларға кепілді әлеуметтік пакет енгізуді және кеңейтуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" заңда табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтаманы енгізу мен кеңейту ұсынылады. Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен және білім беру қызметтерімен қамтамасыз етілетін болады", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.
Ал оқушы балаларға мемлекет есебінен мектепте тегін ыстық тамақ, тегін жол жүру, сондай-ақ мектеп формасы мен оқу құралдарын беру көзделген.
"Осылайша атаулы әлеуметтік көмектің қолданыстағы тетігі түзетілетін болады", - деп түсіндірді министр.
Оның айтуынша, егер көпбалалы отбасы жаңа жәрдемақыны ала отырып, тұрмысы төмен отбасы мәртебесінде қала беретін болса, бұл отбасыға атаулы әлеуметтік көмек пен балаларына кепілді әлеуметтік топтаманы қамтитын көмек тағайындалады.
Бұған дейін көпбалалы аналарға табысына қарамастан жаңа мемлекеттік жәрдемақы төленетіні хабарланған еді. Қазақстанда төрт және одан көп баласы бар аналар көпбалалы саналады.
Министрлік атаулы әлеуметтік көмекті берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын қазан айының соңына дейін парламентке енгізуді көздеп отыр.
Егер заң қабылданса, жаңа өзгерістер келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енеді.