» » Қуанышбек Ысқақов: Биыл мұнай-газ саласын дамытуда елеулі өзгерістер болады

Қуанышбек Ысқақов: Биыл мұнай-газ саласын дамытуда елеулі өзгерістер болады

Биыл ҚызылордадаШу-Сарысу шөгінді бассейнінде мұнай-газ перспективалы құрылымдарын анықтау мақсатында жер қойнауын зерттеу жұмыстарын жүргізу басталады.
Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов халық алдындағы есебі кезінде мұнай-газ саласын дамытуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  kyzylorda-news.kz.

«2019 жылдың ақпанында Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қызылорда облысын дамыту мәселелері қаралған кезде, мұнай-газ саласын дамыту, жаңа кен орындарын барлау, газ өндіру және өңдеу мәселелерін үлкен блок етіп көтердік», – дейді облыс әкімі.

Аймақтың кешенді дамуына қатысты бірқатар мәселелер ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2019-2022 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енгізілген. Жоғарыда айтып өткендей, биыл Шу-Сарысу шөгінді бассейнінде мұнай-газ перспективалы құрылымдарын анықтау мақсатында жер қойнауын зерттеу жұмыстарын жүргізіледі. Бұл – мұнай-газ саласын дамыту мәселесіндегі елеулі өзгерістер болмақ.

«Өте қымбатқа түсетін жұмысты бастау үшін биыл республикалық бюджеттен 600 млн теңге қарастырылып отыр», – дейді Қуанышбек Ысқақов.  

Сонымен қатар аймақ басшысы айтып өткендей, жоспарда аз зерттелген «Оңтүстік Торғай және Сырдария» шөгінді бассейндерін барлау көзделген. Осы шөгінді бассейндер бойынша жұмыстарды бастау үшін республикалық бюджеттен 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінуіне жұмыс жасалатын болады.


19 ақпан 2020 ж. 481 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930