» » Қызылорда облысында кен орындары сарқылуда

Қызылорда облысында кен орындары сарқылуда

Қызылорда облысында жұмыс істеп тұрған кен орындары сарқылуда. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов халық алдындағы есепті кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

«2012 жылдан бастап мұнай өндірудің төмендеу үрдісі сақталып отыр, бұл өнеркәсіп өнімін өндіру көрсеткішіне ғана емес (2018 жылдың деңгейіне 89,3%), барлық салаларға, әсіресе, мұнайшылардың тапсырыстарын орындайтын мұнай сервистік кәсіпорындардың қызметіне тікелей немесе жанама түрде әсер етуде. Тек соңғы жылы ғана мұнай өндіру 830 мың тоннаға (13 пайызға), ал, соңғы 7 жылда 5 млн тоннадан астамға, яғни, 2 есеге азайды. Өйткені, жұмыс істеп тұрған кен орындары сарқылуда», – дейді аймақ басшысы.

Мұнай саласы бойынша өткен жылды 2013 жылмен салыстырғанда Ұлттық қорға түскен салық көлемі 322 млрд теңгеге, яғни 45 пайызға төмендеген. Бұндағы мәселе, екі есе қысқарған бюджеттің едәуір шығындары ғана емес, сондай-ақ жұмысшыларды жаппай қысқарту қаупі де төніп тұр.  
Айта кетейік, тек мұнай-газ саласында ғана шамамен 15 мың адам жұмыс істейді.

«Жаңа мұнай кен орындарын игеру, осы салаға жаңа технологияларды енгізу, газ өндіру мен өңдеу біз үшін өте өзекті мәселе. Қазіргі таңда, оларды шешуге жұмыс жүргізудеміз. Оның үстіне, мұнай-газ саласын дамытуға, бізде болжам бойынша жер асты байлығының резерві бар», – дейді облыс әкімі.

Жер асты байлығының резерві кемінде 5 мың метр тереңдікте орналасқан. Ал қазіргі мұнай операторлары 2 мың метрге дейінгі тереңдікте жұмыс істеуде.


19 ақпан 2020 ж. 395 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930