» » Әлихан Смайылов бюджетті игере алмаған министрлер мен әкімдерді атады

Әлихан Смайылов бюджетті игере алмаған министрлер мен әкімдерді атады

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктерді атады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,7, республикалық 99,5, жергілікті бюджеттер 97,7 пайызға атқарылды. Республикалық бюджет шығыстары 2 трлн 971 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 109,8 пайызды, яғни 265 млрд теңгені құрады. Бюджет қаражаты 15 млрд теңгеге атқарылмады. Оның 4 млрд теңгесі үнемдеу болды. Ал, игерілмеу сомасы 11 млрд теңгені құрады. Бұл 2019 жылдың 1 сәуіріндегі көрсеткіштен 2 есе аз», - деді Әлихан Смайылов.
 Оның дерегінше, игерілмеген ең ірі сомалар Әділет, Денсаулық сақтау министрліктерінде және Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қалыптасып отыр.
«Жергілікті бюджеттердің шығыстары 1 трлн 213 млрд теңгеге игерілді. 29 млрд теңге орындалмады. Биыл өңірлерге 1 трлн 499 млрд теңге нысаналы трансферттер қарастырылған. Алдын ала деректер бойынша, бірінші тоқсанда оларға 190,5 млрд теңге бөлінді. 97,1 пайызы немесе 184,9 млрд теңгесі игерілді. Орындалмау сомасы 5,6 млрд теңгені құрады. Оның 0,9 млрд теңгесі - бюджет қаражатын үнемдеу, игерілмеу - 4,7 млрд теңге», - деді бірінші вице-премьер.
Осы ретте Әлихан Смайылов ең көп игерілмеген қаражат Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында және Ақмола мен Атырау облыстарында қалыптасып отырғандығын айтты.

14 сәуір 2020 ж. 464 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930