» » Қанат Ислам промоутерлік компания ашты

Қанат Ислам промоутерлік компания ашты


Боксшы Қанат Ислам АҚШ-та «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясын ашты.

Бұл туралы боксшының PR-менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook парақшасында.

«QAZAQ promotions» Американың ірі промоутерлік компанияларымен бірлесіп үлкен бокс кештерін ұйымдастыратын болады. Бүгінде «Main event» промоутерлік компаниясымен серіктестік орнаттық. Алда жоспар көп. Биыл чемпиондық жекпе-жек өткізу – е ң басты мақсатымыз. Сол жолда команда тынбай еңбек етуде. Суретте әріптестеріміз «Main event» промоутерлік компаниясының иесі, промоутер Kathy Duva және менеджер Egis Klimas», – деп жазды Берік Сұлтан.
Айта кетсек, бірінші орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0-0,20КО) Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) ақпан айындағы рейтингінде көшбасшылық орнын сақтап қалған болатын.

Дереккөз: Inform.kz
12 наурыз 2018 ж. 951 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 140

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930