» » Үкімет пен Ұлттық банк теңге бағамын нығайту бағдарламасын іске асырады

Үкімет пен Ұлттық банк теңге бағамын нығайту бағдарламасын іске асырады


Үкімет пен Ұлттық банк теңгелік салымдарды қолдау бағдарламасын іске асырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында мәлім етті.

«Әлемде болып жатқан жағдайларға байланысты халқымыздың алаңдаушылығы орынды. Қоғамда көптеген сауал бар. Сөзсіз, бұл жағдай біздің экономикамызға да әсер етпей қоймайтыны түсінікті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бірнеше күннен бері өздеріңізбен ақылдасып тиісті шешімдер қабылдадық. Осылайша Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыруға кірісті», деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, аталған жоспар инфлцияны бақылауда ұстауға, валюта нарығындағы тұрақтылықты сақтауға, жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталып отыр.

«Сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құру мен кәсіпкерлікті дамытуға арналған шаралардан тұрады. Атап айтсақ, қаржы нарығының, теңгелік депозиттердің тұрақтылығын қамтамасыз етуі үшін Үкімет Ұлттық банкпен бірлесе отырып, теңгелік салымдарды қолдау бағдарламасын іске асырады. Оған сәйкес, теңге депозиттері бойынша сыйлықақы қосу көзделген», деді Әлихан Смайылов.

01 наурыз 2022 ж. 442 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031