» » Ұлттық статистика бюросы еліміздегі орташа жалақыны атады

Ұлттық статистика бюросы еліміздегі орташа жалақыны атады

2022 жылдың наурыз айында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 275 438 мың теңгеге жетті. Мұндай деректі Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Бюро мәліметінше, 2022 жылғы ақпанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстары бағалау бойынша 143 246 (алдын ала деректер) теңгені құрады. Бұл 2021 жылғы ақпанға қарағанда 17,3 пайызға жоғары. Нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 7,9 пайызға артты. 

2022 жылғы наурызда жұмыссыздар саны 457,4 мың адамға жеткен. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санының 4,9 пайызын құрап отыр. 2022 жылғы наурыздың соңында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 175 мың адамға жетті.
18 сәуір 2022 ж. 404 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 696

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930