» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ МАУСЫМНАН БАСТАП МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА ҚАҒАЗСЫЗ ЖҮРГІЗУГЕ КӨШІРІЛЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ МАУСЫМНАН БАСТАП МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА ҚАҒАЗСЫЗ ЖҮРГІЗУГЕ КӨШІРІЛЕДІ

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру барысы туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
  Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспорттарын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру туралы тапсырма берді.
  Ол цифрландыруды ескере отырып, оңтайландырылған медициналық қызметтерді енгізуден; цифрлық форматта медициналық құжаттаманы жүргізуден; денсаулықтың электронды паспортын іске қосудан; медициналық ақпараттық жүйелерге (МАЖ) минималды талаптарды бекітуден, сондай-ақ, мобильді қосымшалардың минималды функциялары бойынша; МАЖ-ге деректерді дауыспен енгізуден тұрады.  
  «Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру аясында жоғарыда айтылған барлық жобаларды толық іске асыру үшін бірінші кезекте денсаулық сақтау ұйымдарының АТ-инфрақұрылымын қамтамасыз ету қажет. Осылайша, қазіргі таңда 6 283 денсаулық сақтау объектісінің 3 050-і немесе 51% интернет желісіне қосылған. Дәрігерлердің және орта медицина қызметкерлерінің 97 784 жұмыс орнының (ауысымы мен кезекшілікті есепке алғанда) 82 149-сі немесе 84,9%-ы компьютерлік техникамен қамтылған», — деді Елжан Біртанов.
  Медициналық ақпараттық жүйелермен 757 медициналық ұйымның 619 немесе 85,4%-і қамтылған.
  Қазіргі таңда аудан орталықтары деңгейіне дейінгі денсаулық сақтау ұйымдарының барлығы Интернет желісіне 100% қосылған, бұл ел халқының 85% медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.
  Сонымен қатар, облыстардың және Астана қалаcының әкімдіктері осы жылдың соңына дейін қалалар мен аудан орталықтарының деңгейіне дейін дәрігерлер мен орта медицина персоналының жұмыс орындарын компьютерлік техникамен 100% қамтамасыз етуді жоспарлап отыр және 2021 жылға дейін фельдшерлік-акушерлік және медициналық пунктерді, дәрігерлік амбулаторияларды компьютерлік техникамен жабдықтауды кезең–кезеңімен қамтамсыз ету көзделген.
  Е. Біртанов 2018 жылғы қаңтардан бастап медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу процесі біртіндеп басталғанын атап өтті. Тоқсан сайын 4 өңір бастапқы медициналық құжаттаманы қағаз қолданбай жүргізуге кезең–кезеңімен көшірілетін болады.
2018 жылғы қаңтардан бастап —Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары;
2018 жылғы сәуірден бастап Алматы, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары;
2018 жылғы маусымнан бастап Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары;
2018 жылғы қазаннан бастап Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана мен Алматы қалалары.


primeminister.kz
03 сәуір 2018 ж. 1 123 2

Гость Jeaplause от 18 ақпан 2019 15:38
5mg Cialis Price Dapoxetine Prix Comprar Viagra Cialis Barato cheap cialis Cialis Buy Online Uk 24 Hour Amoxicillin Kamagra 100mg Amazon

Гость Jeaplause от 10 наурыз 2019 04:56
Viagra Avec Ou Sans Ordonnance accutane online buy levitra for sale Amoxicillin Online Low Cost

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031