» » Мұнай бағасы өсті

Мұнай бағасы өсті


Жұма күні таңертеңгі саудада Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 108,82 долларға дейін көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейсенбі күнгі саудада бұл маркалы мұнай баррелінің құны 108,71 долларға жеткенімен, күн соңында 107,45 доллар болды. 13 мамыр күні таңертеңгі жағдай бойынша элиталық мұнай маркасының бағасы 1,28 пайызға өсіп, барреліне 108,82 долларды құрады.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 107,25 доллар болды.

«Қара алтынның қымбаттауы Ресей мен Украина арасындағы соғыс салдарынан энергия тасымалдаушылар жеткізілімінің төмендеу қаупімен байланысты», делінген хабарламада.

Еуроодаққа мүше елдердің өкілдері Ресейден мұнай импортына тыйым салу үшін бірнеше елдің басшыларымен кездесулер өткізуде. Екінші жағынан, ресейлік мұнай өндірісінің құлдырауы әлемдік нарықта жеткізілім тапшылығына қатысты алаңдаушылықты күшейтті.

Халықаралық энергетика агенттігінің мәліметінше, сәуір айында ресейлік мұнай өндірісі тәулігіне шамамен 1 миллион баррельге азайды. Бұған Батыс санкциялары аясында мұнай өнімдері экспортының төмендеуі, ішкі сұраныстың азаюына байланысты мұнай өңдеу зауыттарының мұнайды әлдеқайда аз өңдеуі себеп болып отыр.
13 мамыр 2022 ж. 299 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 814

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031