» » БАЙҚОҢЫР ҰЛТТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ХАБАРЛАРМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

БАЙҚОҢЫР ҰЛТТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ХАБАРЛАРМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ


«Қазтелерадио» АҚ ақпаратына сәйкес, Сыр өңірінде ұлттық цифрлық хабарлар тарату қызметіне қосылған азаматтар облыс тұрғындарының 84 пайызын қамтиды. Нақты айтқанда, 114 993 абонент сол игілікті тұтынады. Бұл жөнінен Байқоңыр қаласы төменгі көрсеткіште қалып отыр. Онда ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған азаматтар жергілікті тұрғындардың 28 пайызын ғана құрайды.
Бұл жөнінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық әкімдіктің аппарат мәжілісінде өз пікірін білдірді.
«Біз ішкі саясатымызды дербез жүргізетін мемлекетпіз. Өзіміздің құндылықтар, өзіміздің ішкі саясатымыз бар. Байқоңырдағы қазақстандық азаматтар ең бірінші ақпаратты өзіміздің ұлттық телеарналардан алуы тиіс», - деп атап өтті облыс әкімі.
Айта кетсек, 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Алматы облыстарын цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшіру жоспарланып отыр.


https://kyzylorda-news.kz
05 мамыр 2018 ж. 785 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930