» » Ең жоғары жалақы алатын өңірлер аталды

Ең жоғары жалақы алатын өңірлер аталды


Соңғы үш жылда қазақстандықтардың сатып алу қабілеті алғаш рет артты. Жылдық өсім 2% құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 
«2018 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 152,4 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,7% жоғары. Инфляцияны есепке алғанда сатып алу қабілеті жылда 2% артып келеді. Айта кету керек, сатып алу қабілетінің өсімі 2015 жылдың I тоқсанынан бастап бірінші рет тіркелді», - делінген таратылған хабарламада. Жалақының анағұрлым өсімі Маңғыстау облысында тіркелген: жылына 282 мың теңгеге дейін (+14%). Бұл -  Қазақстан бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы.
Сонымен қатар, орташаайлық табысы бойынша Атырау облысы (жылына 279,9 мың теңге, +9,2%), Астана (жылына 223,5 мың теңге, +9,9%) және Алматы (жылына 187,8 мың теңге, +4,4%) көш бастап тұр. Ең жоғары жалақыны қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлері (I тоқсанның нәтижесі бойынша 299 мың теңге, өткен жылға қарағанда 2,8% артқан), сондай-ақ ғылыми және техникалық қызметке маманданған тұлғалар (255,1 мың теңге, 7,2%-ға артқан.) алады.
2017 жылдың қорытындысы бойынша елдегі орташа айлық еңбекақы 149,7 мың теңгені (жылына +5%) құрады. Дегенмен, инфляцияны есепке алғанда халықтың сатып алу қабілеті жыл сайын 2,1% қысқарып келеді.

10 мамыр 2018 ж. 1 261 2

Гость Jeaplause от 25 ақпан 2019 01:48
Viagaraforsale isotretinoin accutane c.o.d. on sale cialis vs viagra Cialis Reflusso Gastroesofageo Kamagra Oral Jelly Online Apotheke

Гость Jeaplause от 14 наурыз 2019 00:27
Spain Buy Propecia Propecia Without Prescription viagra You Can Last Longer Vente Cialis Generique Andorre Priligy Omeopatico

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930