Қазақстанда ұшқыштар қанша жалақы алады?
2017 жылы әуе көлігі жүргізушілерінің орташа жалақысы 316,9 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Аталған көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 6,5% өсті. Әуе компанияларының жетекшілері өткен жылы шамамен 1,8 млн теңге көлемінде жалақы алған болатын.
Бөлім жетекшілерінің жалақысы — 866,3 мың теңге, ұшақтардың ұшуына жауап беретін жетекшілер — 338,9 мың теңге, авиациялық отрядтың инженерлері — 131 мың теңге, борт инженерлері — 760,8 мың теңге, инженер-авиациялық қызметтің инженерлері — 379,9 мың теңге және Еңбек пен техника қауіпсіздігін күзететін инженерлердікі — 177,7 мың теңге болды.
Әуе кемелерін эксплуатациялайтын авиациялық техниктер орташа есеппен — 168,1 мың теңге, әскери ұшақты басқаратын ұшқыштар — 171,7 мың теңге, авиациялық ұшқыштар — 991,3 мың теңге, штурмандар — 667,4 мың теңге, аэродром диспетчерлік пунктінің диспетчерлері — 149,2 мың теңге, бортмеханиктер — 339,9 мың теңге көлемінде жалақы алды.
Ал бортсеріктер — 289,7 мың теңге, жанғыш-майлағыш материалдар бойынша авиациялық техниктер — 190,4 мың теңге, жүк ұшақтарының бортоператорлары — 536,4 мың теңге, бортрадистер — 589,2 мың теңге көлемінде жалақы алды.

Пікір 2