» » Қазақстан АҚШ-та бұғатталған Ұлттық қор қаржысының 21,5 миллиард долларына қол жеткізді

Қазақстан АҚШ-та бұғатталған Ұлттық қор қаржысының 21,5 миллиард долларына қол жеткізді


Үкімет Ұлттық қордың шетелдік банкте бұғатталған қаржысын әлі толық қайтара алмай отыр. Әділет министрлігі қалған 530 миллион долларды шығару үшін енді ағылшын сотына арыз жазуға мәжбүр, деп хабарлайды КТК арнасы.

«Бельгия сотының шешімі шыққан соң бір тәулік ішінде ағылшын сотына арыз жазып үлгердік. Қажет құжаттарды алдын ала дайындап қойғанбыз. Ұлттық қорға қарасты  21 миллиардтан астам доллар бұғаттаудан босатылды. Бұл қаржы шығынға ұшыраған жоқ», – дейді ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.
Бекетаевтың айтуынша, Ұлттық банк босатылған 21 миллиардтан астам долларды инвестиция ретінде еркін пайдалана алады. Екі күн бұрын Брюсель соты біздің Ұлттық қорға қарасты бұл қаржыны бұғаттаудан босатты. Ал қалған 530 миллион долларды ағылшын соты арқылы шығаруға болады деген шешім шығарған еді.
Естеріңізге салсақ, молдавиялық кәсіпкерлер Анатолий және Габриел Статилер 8 жылдан бері біздің үкіметпен соттасып жүр. Әкелі-балалы бизнесмендер бастапқыда Швеция соты арқылы елімізден 4 миллиард доллар сұраған. Олар Маңғыстау облысында газ өндіретін зауыт салуы тиіс болған. Алайда кәсіпкерлер кәсіпорынның құрылысын аяқтамапты. Қазақстан Статилердің алаяқтық жолмен ақша талап етіп жүргенін сотта  дәлелдеп те берген.
Дегенмен осы даудың кесірінен Ұлттық қордың Нью-Йорктегі Меллон банкінде жатқан 22 миллиард 600 миллион доллары бұғатталғанболатын.


http://stan.kz
01 маусым 2018 ж. 609 2

Гость Jeaplause от 21 ақпан 2019 04:19
Amoxicillin Clindamycin Safe Together cialis vs viagra Capecitabine Pastillas Priligy Precio

Гость Jeaplause от 11 наурыз 2019 08:49
Kamagra Shop Erfahrungen Cheapest Levitra Prices Zithromax Three Days where can i purchase dapoxetine? Indian Viagra Online Achat Amoxicillin Pharmacie Envoyer Annuaire

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031