» » ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТӨМЕНДЕУІНЕ ӘСЕР ЕТТІ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТӨМЕНДЕУІНЕ ӘСЕР ЕТТІ


Сарапшылардың атап көрсет­кеніндей, 2018 жылдың 4 айы­ның қорытындысы бойынша Қа­зақ­стан экономикасындағы өсім инфляциялық қысымның төмен­деуіне және жоғары инвестициялық белсенділікке негізделіп отыр. Инфляция жыл басынан бері 2,2% құрады. Бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 0,5 пунктке төмен. Жылдық инфляция 6,5% деңгейінде тіркелді. Инфляцияны Ұлттық банк белгілеген жаңа дәлізде (5-7%) ұстап тұру қамтамасыз етілуде.
Еңбек нарығында тұрақтылық сақталуда. Жыл басынан бері 134,8 мың адам жұмысқа орна­лас­тырылды. Осы жылдың басынан бері нақты еңбекақының өсуі байқа­лады. Ол 1,2% құрады. Қаңтар-сәуір айларында орташа айлық еңбекақы 152,3 мың теңгені құрады.
Ұлттық банктің алтын–валюта сақтық қорлары өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ($30,6 млрд дейін) 3%-ке өсті. Сонымен бірге, Ұлттық қордың активтері осы кезеңде 5,6%-ке ($59,3 млрд дейін) төмендеді.
2018 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы сыртқы сауда айналымы $21 млрд құрады және 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 24,3%-ке өсті, соның ішінде экспорт – $13,8 млрд (27% өсім), импорт $7,2 млрд (19,4%-ке артық) өсті.
Аталған кезеңде мем­ле­кеттік бюджеттің кірістері (трансферт­терді есепке алмағанда) 105,1%-ке, олардың ішінде республикалық кірістер – 100,9%-ке, жергілікті бюджеттер 117,1%-ке асыра орын­далды.
Республикалық бюджетке 1781,7 млрд теңге кіріс түсті. Бұл жоспардан 16 млрд теңгеге, ал былтырғы жылдың төрт айының көрсеткішінен 173 млрд теңгеге артық. Өсу қарқыны 110,7% құрайды. Жоспардың артығымен орындалуы негізінен салықтар бойынша қалыптасты. Олардың ішінде, үстеме табыс салығы – 8,5 млрд теңге, шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден баж салығы 32,1 млрд теңге құрады.    
Қазақстанда 2018 жылдың 4 айында 24,1 млн тонна мұнай экспортталды, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 104,3 % құрайды. Мұнай өңдеу көлемі 5,1 млн тоннаны немесе осы жылдың 4 айының жоспарына қарағанда 104,6% құрады.  
Жалпы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысына сәй­кес дизель отынының қажеттілігі толық көлемде орындалды. 2018 жылғы наурыз айына көктемгі егіс жұмыстарын өткізу үшін дизель отынының ұсынылатын бағасы тоннасына 156 000 теңгені құрады.
2017 жылдың осындай кезеңі­мен салыстырғанда, электр энер­гия­сы 8%-ке артты. Көмір өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес ке­зеңі­мен салыстырғанда 103,2%-ті құрады.
2018 жылы 4 айдың қоры­тындысы бойынша өнеркәсіп өн­дірісінің көлемі 5,1%-ға өсті. Атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібіндегі өсім 4,9%, өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,9% болды.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 14 аймақта өсіп отыр. Тау-кен өнеркәсібінде түсті металдар кенін өндіру көлемі 2,1%-ға және темір кенін өндіру көлемі 3,9%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібіндегі жалпы сала­лар бойынша оң серпін бар. Металлургия өнеркәсібінде 4,1% (қара металлургия 6,1%-ға, түсті 2,4%-ға), химия өнеркәсібінде 14,1%,  машина жасауда 10,2%, фар­мацевтикада 7,7%, құрылыс ма­териалдарын өндіруде 3,8%, жеңіл өнеркәсіпте 2,1% өсім қалыптасты.
Сарапшылардың пікірінше, негізгі базалық металдар бағасының өткен жылдың деңгейінде сақталуы Қазақстан өнеркәсібі өндірісінің көлеміне оң ықпал жасады.
2018 жылдың қаңтар-сәуіріне Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары былайша сипат­талады.
2018 жылғы I тоқсанда жұмыс­сыздар саны бағалау бойынша 16,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2018 жылғы сәуірдің соңына 9,3 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,7% болды.
2018 жылғы I тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 122022 теңгені құрады.
Тұтыну бағаларының индексі 2018 жылғы сәуірде 2017 жылғы жел­тоқсан айымен салыстырғанда 102,6% құрады. Азық-түлік тауар­ла­рына бағалар 3,1%-ға, азық-тү­­лік емес тауарларына –1,8%-ға, халыққа арналған ақылы көр­­се­­тілетін қызметтер – 2,7%-ға өсті.
Өнеркәсіп өнімін өндіруші кә­сіп­­орындар бағалары 2018 жыл­ғы сәуірде 2017 жылғы жел­тоқсан айымен салыстырғанда 5,2%-ға өсті. 2018 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 50895 млн  теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,1%-ға жоғары.
2018 жылғы қаңтар-сәуірдегі «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 102,6%-ды құрады. Бөлшек сауда көлемі 83562,3 млн. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 101,9% құрады (салыстырмалы бағада). Ал көтерме сауда көлемі 44014,7 млн теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 104,2% құрап отыр.

Дайындаған Ж.ӘЛМАХАН.
http://www.syrboyi.kz
02 маусым 2018 ж. 1 033 1

Гость Jeaplause от 15 наурыз 2019 02:00
Is Pharmacy Rx One Legitimate Propecia Without A Prescription Viagra Average Cost Of Viagra 100mg brand levitra canada Cheap Ciallis 20 Mg

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 680

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031