» » ТИМУР ҚҰЛЫБАЕВ БИЗНЕСКЕ ҚАРЖЫ КӨЗДЕРІНІҢ ЖЕТІСПЕУІНЕ НАЗАР АУДАРДЫ

ТИМУР ҚҰЛЫБАЕВ БИЗНЕСКЕ ҚАРЖЫ КӨЗДЕРІНІҢ ЖЕТІСПЕУІНЕ НАЗАР АУДАРДЫ


Шағын және орта кәсіпкерлікті екінші деңгейлі банктер тарапынан қаржыландыру – өзекті мәселелердің бірі. Аталған түйткілді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Қызылорда облысы  Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің жиынында көтерді
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет, Ұлттық банк және «Атамекен» бірігіп, шағын және орта бизнесті қаржыландырудың мәселесін шешуді қолға алмақ.

«Бұл жағдайды бірлесе шешуіміз керек. Аталған түйткілді жақын арада өтетін Қаржы секторы комитетінің отырысында қарастырамыз.  Әрине, бизнес даму жолында банк қаражатына мұқтаж. Нормативті реттеуде мәселе барын, Ұлттық Банк тарапынан белгілі бір қатаң талаптар орнатылғанын түсінеміз. Бірақ, бұл дилемманы бірігіп шешу керек», – деді Тимур Құлыбаев.
«Атамекен» басшысы қаржы қолжетімділігі мен қаржыландырудың ақылға қонымды мөлшерін  сақтаудың арасында сенімді теңгерімді қамтамасыз ету үшін нақты және сараланған стратегия қажет деп санайды.
«Басқа елдермен салыстырғанда біздің кәсіпкерлерге бәсекелік артықшылықты қамтамасыз ету үшін қаржы мөлшерлемесі ақылға қонымды болуы керек. Ресейде Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру арнайы мемлекеттік банктер арқылы төмен мөлшерлемелермен жүзеге асады, қосымша мемлекет тарапынан субсидиялау да беріледі. Сондықтан онда ауыл шаруашылығы өндірушілер біздің шаруаларға қарағанда анағұрлым артықшылыққа ие», – деді Тимур Құлыбаев.
Төралқа Төрағасы өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуы жергілікті атқарушы органдарымен орнаған қарым-қатынасқа да байланысты екенін айтты. Осы ретте Қызылорда облысы – үлгілі өңірдің бірі, өйткені мұнда жергілікті әкімдік пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы еліміздегі бірінші гео-ақпараттық онлайн-орталығын ашқан болатын. Осы арқылы бизнес бір-екі күнде онлайн форматта рұқсат қағаздары мен қажетті техникалық талаптарды ала алады.  Бұрын бұл процедураларға бірнеше ай жұмсалатын.
«Нұр Отан» партиясының саяси кеңесі отырысында Мемлекет басшысы осындай форматтағы қызметтер бүкіл ел көлемінде көрсетілуі керек деп айтып, қызметтеріңізге оң баға берді. Бұл жетекші тәжірибе. Дәл осы жерде толықформатты Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтың бірі құрылды. Бизнес пен әкімдік арасында да тиімді байланыс орнаған. Қырымбек Елеуұлы, (Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев – ред.) бизнестің атынан сізге әрі командаңызға кәсіпкерлерге көрсетіп жатқан қолдауыңыз үшін алғыс білдіргім келеді», – деді Тимур Құлыбаев.
07 маусым 2018 ж. 536 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930