Forbes Қазақстандағы ең ықпалды кәсіпкерді атады
Forbes Kazakhstan журналы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаевты «Жыл кәсіпкері» ретінде таныды, деп хабарлайды Baq.kz.
«АЛМЭКС» және «Кипрос» компаниялары иелерінің бірі Тимур Құлыбаев 2017 жылы Қазақстандағы «ең ықпалды» 50 кәсіпкердің көшін бастап тұр. Құлыбаев соңғы рет бұдан бес жыл бұрын Қазақстандағы «ең ықпалды» кәсіпкер атанған.
Басылым Құлыбаевтың ықпалының артуына Казкоммерцбанк пен «Халық банктің» бірігуі, «сақтандыру нарығындағы позициясының күшеюі, авиация саласы мен медицина бизнесінде табысқа жетуіне» үлес қосқанын айтады. Құлыбаев мажоритарлық акционер саналатын Gemini Mining B.V. компаниясы 2016 жылдың соңында ірі темір кен орнын игеретін «Ақтөбе Темір BC еншілес кәсіпорны» компаниясындағы 50 пайыз үлесін Qazaq Mining Llp компаниясына ондаған миллион долларға сатқан.
Бұған қоса, Құлыбаевтың «Алмэкс Плюс» компаниясы 49 пайыз акциясына ие «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) компаниясы 2016 жылы қыркүйекте Шанхайда Қытайдың Мемлекеттік даму банкімен Атырау облысында алғашқы біріккен газ химиясы зауытын салу жобасы бойынша несие келісімін жасасқан.
Forbes Kazakhstan Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы ерлі-зайыпты Динара және Тимур Құлыбаевтардың әрбірінің дәулетін 2,1 миллиард долларға бағалайды.
«Қамшы»