» » БЕС ЖЫЛДА БЕС ЖҮЗ ШАҚЫРЫМ ҚҰБЫР ЖАҢАРДЫ

БЕС ЖЫЛДА БЕС ЖҮЗ ШАҚЫРЫМ ҚҰБЫР ЖАҢАРДЫ


Қызылорда қаласы – таза жерасты  суын тұтынып отырған бірден-бір қала. Соңғы бес жылда 544 шақырым су құбыры жаңартылып, қалаішілік су құ­бырларын ауыстыру 75 процентке орындалған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары Берік Сәрменбаев хабарлады.
– Биылғы жылы осы жұмысты жалғастыру бағытында “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 1 млрд 584 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, 13 жоба бойынша 17,3 шақырым  ауызсу және кәрізсу құбырына жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қаладағы магистральды жылу желілерін жаңарту жұмыстары да қарқынды жүруде. Соңғы 5 жылда бұл бағыттағы жұмыстарға 8 млн-нан астам қаржы жұмсалды. Биыл респуб­ликалық бюджеттен 2 млрд 210 млн теңге бөлініп, 8 жоба бойынша 7,433 ша­қырым жылу құбырларына жаң­ғырту жұмыстары жүргізілуде, – деді ол.
Ауыз судың көпқабатты тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарына кө­терілмеуі – қаладағы басты мәсе­ле­нің бірі. Ескі көпқабатты үйлердегі ішкі құбырлардың көпжылдық қолданыстан тозуы, шойын құбыр­лардың тат басуы, өжіредегі ашып-жабу ысырмалардың тозуы, ішкі құбырлардың бірінен біріне өтуі барысында диаметрлерінің қысылуы әсерінен су жоғары көтерілмейтін көрінеді. Осыған орай, 38,2 шақырым болатын ескі ауызсу құбырларын ажырату арқылы судың қысымын көтеру жұмыстары қолға алынған.
Қаланың жол құрылысын дамыту жұмыстары да назардан тыс қалған емес. Осы жылдың өзінде 11 көшенің жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, 2 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 9 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Сондай-ақ, қала орталығындағы ұзындығы 3,47 шақырым болатын А.Тоқмағанбетов және А.Байтұрсынов көшелеріне инженерлік-коммуникациялық жүйе­лерін ауыстыру жұмыстары жасалып, қазіргі таңда асфальт төселуде.  Бұл жұмыстар маусым айының басында аяқталуы тиіс болатын, бірақ инженерлік-коммуникациялық жүйе­лерді ауыстыру барысында туындаған  қиындықтарға байланысты шілде айының 15-де аяқтау көзделуде. Бұдан бөлек, ұзындығы 16 шақырым болатын Тасбөгет кентіндегі Иіркөл ауылын, Қызылөзек және Қараөзек ауылдық округтерінің кіреберіс жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Жалпы қала аумағындағы асфальт қабаттары бұзылған 51 көшеге ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жиын соңында қаланың инже­нерлік құрылымдарына байланыс­ты БАҚ өкілдері тарапынан бірқатар сауалдар жолданып, тұшымды жауаптар алынды.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,
“Сыр бойы”.
21 маусым 2018 ж. 1 355 2

Гость Jeaplause от 17 ақпан 2019 22:22
Xenical Sans Ordonnance Belgique Cialis Ulcera generic cialis canada Levitra Disfuncion Psicologica

Гость Jeaplause от 8 наурыз 2019 18:25
Keflex No Rx Discounted Viagra For Sale Levitra Que Hace generic viagra Buy Generic Prednisone Online Buy Free Shipping Worldwide Progesterone Medicine In Canada

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930