» » Қазақстанның зейнетақы қорындағы 30 млрд теңге қайда кеткені анықталды

Қазақстанның зейнетақы қорындағы 30 млрд теңге қайда кеткені анықталды

ÒазаÒÑÑаннÑÒ£ зейнеÑаÒÑ ÒоÑÑндаÒÑ 30 млÑд Ñеңге Òайда кеÑÐºÐµÐ½Ñ Ð°Ð½ÑÒÑалдÑ

Бүгінде зейнетақы қорының қаражаттарын шетелдік сенімді қаржы инструменттеріне салу жалғасып жатыр. Ұлттық банк қордың ақшасын Үндістан мен Қытайдың мемлекеттік корпорацияларына инвестиция ретінде құйған деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Биыл мамыр айында аталған екі елдің квазисекторынан 30 млрд теңгеге жаңа облигациялар сатып алыныпты.

Атап айтсақ, еліміздің бас банкі Finance Corporation - 7,52 млрд теңге, The Export-Import Bank of China - 6,82 млрд теңге, Export-Import Bank of India - 4,86 млрд теңге, Three Gorges Finance - 3,21 млрд теңге және Avi Funding Company Limited - 2,27 млрд теңге қаржы құйған.

Бұл кәсіпорындар мен банктер - Қытай және Үндістандағы мұнай-газ, көлік және энергетика саласында жемісті еңбек етіп жатқан мекемелер. Олар мемлекеттің бақылауында көрінеді.
Бұл елдерден бөлек зейнетақы қорының қаражаттары Бразилия, Ресей, АҚШ сияқты дамыған елдердің бағалы қағаздар нарығында пайда әкеліп жатыр екен.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі қаражатын, яғни 78 пайызын, қазақстандық компаниялар инвестиция түрінде пайдаланып отыр. Ал шетелдік нарықтағы облигацияларды сатып алуға кеткен қаражат көп емес.

Ол қорға жинақталған қаржының 1,3 пайызын құрайды. Айта кету керек, 2018 жылдың мамыр айындағы есеп бойынша қордың қаражаты 8 трлн теңгеден асады. Тек соңғы бір айда ол 128 млрд теңгеге өткен.



https://kaz.nur.kz

27 маусым 2018 ж. 835 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930