» » «7-20-25» немесе жаңа мүмкіндік

«7-20-25» немесе жаңа мүмкіндік


«Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бастамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасын бекітіп, «Баспана» арнайы ұйымын құрды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің  Қызылорда филиалының директоры Әсет Мустафин бүгін Қызылорда қаласында өткен брифингі барысында айтып берді.
Ол ағымдағы жылғы наурызда Мемлекет басшысы Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған 5 әлеуметтік бастаманы алға тартқанын еске салды. 
«Маусымда ҚР Парламенті заңнамаға Бағдарламаны тиімді іске асыруға қажетті түзетулерді қамтитын заң жобасын қабылдады. Бағдарлама халыққа 7% мөлшерлеме бойынша ипотекалық кредит алу үшін оңтайлы жағдайлар, кредиттелетін тұрғын үй құнының 20% мөлшерінде бастапқы жарна, сондай-ақ 25 жылға дейін кредит мерзімін ұсынады», - деді Ә.Мустафин.
Ол Бағдарлама бойынша ипотекалық қарыздар ұлттық валютада берілетінін және оған тұрақты кірісі бар, меншік құқығында баспанасы жоқ азаматтар қатыса алатынын атап өтті.  
Қазіргі таңда «Баспана» Центркредит Банкімен,  Халық банкімен, Еуразия Банкімен, Цесна Банкімен, АТФ Банкімен,   РБК Банкімен және Тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен келісімге қол қойды. Сбербанк пен Форте Банк бағдарламаға қызығушылық танытты және техникалық жұмыстарды аяқтағаннан кейін «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы жөніндегі келісімге қол қоюға дайын, - деді Ә.Мустафин. 
Бағдарламаға қатысу үшін келесі құжаттардың болуы жөніндегі талаптар айқындалды. Атап айтқанда, әлеуетті қарыз алушы банкке еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен кірісінің болуын растайтын құжаттарды, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы туралы мәліметті, тұрғын үйінің болмауы туралы анықтаманы, сатып алатын тұрғын үй құжаттарын және тәуелсіз бағалаушының бағасын ұсынуға тиіс.
Қазақстан Ұлттық Банкінің  Қызылорда филиалының директоры «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде Алматы, Астана, Ақтау, Өскемен және Орал қалаларында алғашқы жеті қарыз берілді деп, сөзін аяқтады.


http://www.syrboyi.kz
05 шілде 2018 ж. 850 1

Гость Jeaplause от 23 ақпан 2019 00:28
Amoxicillin Dosage Pediatric Itch Reaction To Amoxicillin Is It Safe To Buy Priligy Online online pharmacy Quentin Keflex Antibiotic Structure Cheapeast Macrobid Ups No Prescription

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930