» » Қазақстан қор биржасы: Теңге бағамы көтерілді

Қазақстан қор биржасы: Теңге бағамы көтерілді


Қазақстан қор биржасындағы бүгінгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясы бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 342,55 теңгені құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Қазақстан қор биржасына сілтеп.

Бұл көрсеткішті жұма күнгі сауда-саттықпен салыстыратын болсақ, шетелдік валюта бағамы 1,66 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 342,4 теңге, ал ең жоғарғысы 342,66 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 52,9 млн долларға жетті.
Жұма күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 АҚШ доллары 344,21 теңге, күндізгі сессияда 342,95 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 343,45 теңге болған. Ал, сауда-саттықтың жалпы көлемі 163,15 млн долларды құрады.



Stan.kz
16 шілде 2018 ж. 946 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 781

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031