Алтын арзандауы мүмкін
Жыл басынан бері алтын бағасы 5%-ке төмендеп, 1241,7 долларға сатылуда. Осы орайда сарапшы Андрей Кочетков алтын бағасының не себепті арзандап жатқанын түсіндірді, деп жазады Baq.kz.
Оның айтуынша, алтын бағасының төмендеуіне негізгі орталық банктердің қаржы саясатын күшейтумен байланысты.
«АҚШ-тың федералды резерв жүйесі мөлшерлемені жоғарылатуда. Сондай-ақ Орталық еуропалық банк пен Жапония банкі бағдарламалардың санын қысқартып жатыр. Сондықтан жаһандық экономикада инфлицияны жоғарылататын тәуелсіз ақша көлемі азаюда», - деді ол.
Оның пікірінше, алдағы уақытта алтын бағасы арзандай түсуі мүмкін.
«Бұл бағалы металл проценттік кіріс әкелмейтін, пассивті инвестиция болып саналады. Ол облигация ретінде өз құнын жоғалтады. Қазіргі таңда АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылдық міндетемесіне сәйкес алтын табыстылық түсімі бойынша 3%, ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 3,5%-ке дейін өсуі мүмкін. Сондықтан біз орташа мерзімді келешекте алтын бағасы өседі деп оптимизммен қарай алмаймыз. Сондай-ақ алтын бағасы троя унциясы үшін 1100-1150 долларға дейін құлдырауы мүмкін», - деп болжам жасады Андрей Кочетков.