Мұнай бағасы арзандады
Нью-Йорк және Лондон шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнайдың бағасы арзандады, деп хабарлайды.
Сауда қорытындысына қарағанда Лондонның ICE Futures биржасында қыркүйекте жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 0,72 долларға төмендеп, 74,25 доллар болды.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің бір баррелі 1,37 долларға арзандап, 68,76 долларды құрады.
Вaq.kz