» » Бір доллар 400 теңге. Қазақстандықтар жаңа девальвациядан қорқуы керек пе?

Бір доллар 400 теңге. Қазақстандықтар жаңа девальвациядан қорқуы керек пе?

ÐÑÑ Ð´Ð¾Ð»Ð»Ð°Ñ 400 Ñеңге. ÒазаÒÑÑандÑÒÑÐ°Ñ Ð¶Ð°Ò£Ð° девалÑваÑиÑдан ÒоÑÒÑÑ ÐºÐµÑек пе?

Қазақстан Республикасың Ұлттық Банкі теңгеге болжам жасамады. Бірақ ресейлік сарапшылар белгілі бір жағдайларда біздің валюта 1 доллар үшін 400 теңгеге дейін жетіп, төмендеуі мүмкін деп санайды. Осының бәрі АҚШ-тың Ресейге қарсы енгізе алатын жаңа санкцияларына байланысты.


Бұл туралы 31 арна -ға сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Америка Құрама Штаттарының Конгресіне сайлау ағымдағы жылдың қараша айында өтеді. Осы сәтке дейін АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынас шиеленісуі мүмкін, дейді сарапшылар. Заң жобасы қабылданса, шетелдік инвесторлар ресейлік облигациялардан жаппай бас тартады. Ал, ол өз кезегінде рубль мен теңгеге әсер етуі мүмкін.
«Менің ойымша, егер Ресейде жағымсыз оқиғалар орын алатын болса немесе мұнай қандай да бір себептермен “қатты арзандап” кетсе, онда бір доллар 380 теңге болуы мүмкін. Бұл енді, ең нашар жағдайда болады деп ойлаймын. Егер Конгрестен шынымен де қауіп төнсе, теңге бағамы 400-ге дейін және одан әрі төмендеп кетуі мүмкін»,-дейді Альпари сараптама департаменті директорының орынбасары Наталья Мильчакова.
Айта кетейік, кеше Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгенің құлдырау себебін түсіндіріп өткен болатын.
Stan.kz 

05 тамыз 2018 ж. 1 026 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930