» » "Әзірге төтеп берудеміз": Сұлтанов теңгеге қатысты мәлімдеме жасады

"Әзірге төтеп берудеміз": Сұлтанов теңгеге қатысты мәлімдеме жасады

Бақыт Сұлтанов. Фото: primeminister.kz

"Әзірге төтеп берудеміз": Сұлтанов теңгеге қатысты мәлімдеме жасады

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов теңге бағамының құбылуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сұлтановтың айтуынша, ұлттық валюта күрт төмендейтін болса, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін болады. Ал әзірге ондай қажеттілік жоқ екен.
Одан бөлек министр жақын арада доллар бағамы қандай болатынын болжаудан бас тартты. Ол көрсеткіштерге төтеп беріп жатқандарын айтуда.
"Бюджет бағамға сай көрсеткіштер аясында құрылды. Біз әзірге төтеп берудеміз. Жоспарланған бюджеттік бағдарламалар аясында қаржы жетпей жатса, ұлттық валютаға тәуелді мәселелер талқыланатын болады", - дейді мекеме басшысы.
Сол арада амеркалық валютаның орташа бағамы айырбас нүткелерінде 349 теңгені құраған. Кей айырбас нүктелерінде доллар 351 теңгеден сатылуда.
Ал қазақстандықтар доллар бағамы 400 теңгеге дейін жетеді деп топшылауда.
Е. Сисеновтің материалынан аударылды.


NUR.KZ
08 тамыз 2018 ж. 619 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930