Қазақстандық бизнесмендер Тәжікстанға 18,8 млн доллардың өнімін экспорттайды

Душанбе қаласында Қазақстан экспорт өнімдері сауда-экономикалық миссиясының қорытындылары бойынша жалпы сомасы 18,8 млн долларды құрайтын үш келісімге қол қойылды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Миссияны Қазақстан Сыртқы сауда палатасы Тәжікстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасымен, Қазақстан Республикасының Тәжікстандағы елшілігімен ынтымақтастықта ұйымдастырды.

Қазақстан делегациясының құрамына машина жасау, құрылыс, азық-түлік саласындағы 20 ірі тауар өндіруші кірді. Тәжікстан тарапынан көлік, экономикалық даму, қаржы, өнеркәсіп, энергетика және денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері болды. Бизнес өкілдерінен лизингтік және жеке көлік компаниялары, бірқатар саудажелілері, басқа да тәжікстандық фирмалар қатысты.
Миссия барысында «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-тің «JAC» маркалы 50 машинасын жеткізу, сондай-ақ «Холдинг Азия Групп Тәжікстан» ЖАҚ холдингіне «JAC» маркалы автомобильдердің барлық түріне Тәжікстан аумағында диллерлік жасау өкілеттерін беру туралы келісімге қол қойылды.
«Hyundai Com Trans Kazakhstan» жалпы сомасы 18 млн АҚШ доллары болатын «Hyundai» маркалы техникаларды өткізді. Ал «Mega SMART» ЖШС Тәжікстанға жиһаз жеткізу бойынша 300 мың доллардық келісімшартына қол қойды. «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» АҚ мен «Тәжікстан теміржолдары» МУК арасындағы келіссөздер де табысты болды. Тараптар үстіміздегі жылы 6 тонна рельс жеткізуге келісті. «Жас-Қанат 2006», «Цесна-Астық концерні», «Ново-Альджанский мелькомбинат», «DUMAN», «Higer Quazar», «Тиккурила» компанияларының өкілдері Тәжікстанның «Ашан» және «Пайкар» ірі сауда желілеріне барды.
Сауда-экономикалық миссия 12 тамызға дейін жалғасты. Миссия аясында «Тәжікстан-2018» халықаралық көрмесі ұйымдастырылып, онда Қазақстанда шығарылған «JAC» автомобильдері, соның ішінде Кеден одағының аумағында жасалған алғашқы JACiEV7S электромобилі, «Iveco» коммерциялық техникасы көрсетілді.
Baq.kz

Пікір 2