» » Қазақстан мен Тәжікстан өзара электр энергиясын жеткізу мәселесін қарастырмақ

Қазақстан мен Тәжікстан өзара электр энергиясын жеткізу мәселесін қарастырмақ


Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстан өзара электр энергиясын жеткізу мәселесін қарастыру туралы келісімге келді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақовтың және Тәжікстан Республикасы Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеттің Төрағасы Фаррух Хамрализоданың басшылығымен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының он төртінші отырысы өтті.
Отырысқа министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың өкілдері, сондай-ақ екі елдің тиісті ұйымдарының шақырылған өкілдері қатысты.Қазақстан-тәжікстан қарым-қатынасының негізі сауда-экономикалық өзара әрекеттестік болып табылады.
Сараптамалық және пленарлы отырыстар барысында тараптар өзара сауда-саттықтың көлемі мен ағымдағы жағдайын, сондай-ақ энергетика, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, көші-қон және ауыл шаруашылық саласындағы екі жақты ынтымақтастықты алдағы дамыту мәселелерін талқылады.Атап айтқанда тараптар Қазақстан мен Тәжікстан өңірлері арасында өзара бизнес-миссияларды өткізу және тікелей байланыстарды орнатуға қажетті көмек көрсетуге уағдаласты.
Бұдан басқа, Орталық Азияның Бірлескен электрэнергетикалық жүйесімен Тәжікстан Республикасының энергиялық жүйесінің параллель  жұмысын қалпына келтіргеннен кейін электр энергияны өзара жеткізу мәселесін қарастыру туралы келісімге келді.Отырыстың қорытындысы бойынша қазақстан-тәжікстан ынтымақтастығын өзара әрекеттестік бағыттары мен қол жеткізілген келісімдер көрсетілген Хаттамаға қол қойылды.  

15 ақпан 2018 ж. 1 069 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 734

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930