Үкімет басшысы әлемдік IТ-компаниялардың басшыларымен цифрландыру мәселесін талқылады
Бүгін Алматыда Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасымен өтіп жатқан «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде халықаралық компаниялардың басшыларымен және шетелдік сарапшылармен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесуге Gartner компаниясының вице-президенті Андреа Ди Майо, Ұлыбритания Үкіметінің технологиялар жөніндегі кеңесшісі Лиам Максвелл, Дүниежүзілік банктің цифрлық стратегия және үкіметтік сараптау жөніндегі кеңесшісі Рандип Судан, Дүниежүзілік банктің АТ және электроника бағытының басшысы Данил Керими, Ресей мен ТМД-дағы IDC вице-президенті Роберт Фариш қатысты.
«Бізді Қазақстанға шақырғаныңыз үшін алғыс айтамыз. Біз — үкіметтер, өзара бәсекелеспейміз, сондақтан да бірқатар мәселелер бойынша ынтымақтасуға мүмкіндік бар екенін атап өткен жөн. Біз өте көп уақыт жұмсадық (еск. – цифрландыру процесі туралы), ал бүгінде өз тәжірибемізбен бөлісе аламыз. Сіздерге түрлі елдермен ынтымақтасуға кеңес береміз. Біз Малайзиямен, Сингапурмен ынтымақтастық орнаттық, Уругваймен өзара әрекеттесу жағдайларын жасап жатырмыз», — деді Ұлыбритания Үкіметінің технологиялар жөніндегі кеңесшісі Лиам Максвелл.
Кездесу барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі міндеттері туралы айтып берді. Қатысушылар, сондай-ақ, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын және шет мемлекеттер мен ірі компаниялардың цифрлық трансформациялау тәжірибесін талқылады.
«Дүниежүзілік банктің АКТ секторының басшысы Рандип Судан Алматыда өткізіліп жатқан форумның пайдасы мен түрлі көзқарастарды зерттеудің маңыздылығын атап өтті. «Тәжірибе көрсеткендей, біріншіден, мәселені анықтау және міндеттерді белгілеп алу маңызды. Екіншіден, бұл – осындай форумдарда жұмыс нәтижелерін қорытындылау мүмкіндігі», — деді Рандип Судан.
Gartner компаниясының басқарушы вице-президенті Андреа Ди Майо әлемдік цифрландыру тәжірибесі туралы айта отырып, уақытша параметрлерге тоқталып өтті.
«Жоспарларға алдын ала назар аудару керек, сондай-ақ, ең бастысы – негізгі басымдықтарды түсіну үшін ішкі жағдайға және айналаға көз тастауды ұсынамын. Қазір сіздерде бағдарлама мен жүйелі басымдықтар бар. Сіздердің келешегіңіз – 2020–2025 жылдар, одан әрі трансформация процесі ондаған жылдар бойы жалғаса береді», — деді Андреа Ди Майо.
Ресей мен ТМД-дағы IDC вице-президенті Роберт Фариш өз кезегінде, жоғары деңгейдегі көшбасшының цифрландыру жұмысына қатысқаны өте маңызды екенін айтып өтті. Сарапшының пікірінше, бұл – жұмыс тиімділігін арттырады.
Бүгін 2 ақпанда Алматыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы өтеді, оның аясында инновацияларды және технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, базалық интеграциялық жобалар, Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіптік цифрландыру және ауыл шаруашылығын цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелері талқыланады.
Форум жұмысына Арменияның Премьер-Министрі - К. Карапетян, Беларусьтің Премьер-Министрі - А. Кобяков, Қазақстанның Премьер-Министрі - Б. Сағынтаев, Қырғызстанның Премьер-Министрі - С. Исаков, Ресейдің Премьер-Министрі - Д. Медведев, сондай-ақ Әзірбайжан мен Тәжікстанның ресми делегациялары қатысады.
Еске салсақ, 2017 жылғы қазанда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ЕАЭО мүше мемлекеттердің басшылары 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібінің негізгі бағыттарын бекітті, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕАЭО экономикасын цифрландыру бойынша арнайы кездесу өткізу туралы бастамасын қолдады.
Күннің екінші жартысында Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысады.
Іс-шараға Армения Республикасының Премьер-Министрі - К. Карапетян, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі - А. Кобяков, Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі - С. Исаков, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі - Д. Медведев және Еуразиялық экономикалық комиссиянның Алқа Төрағасы Т. Саркисян қатысады деп болжанып отыр.
Шағын құрамда цифрлық күн тәртібі мәселелерін, сондай-ақ ішкі нарықтың жұмыс жасауы шеңберіндегі қатысушы елдердің міндеттемелерін қарау жоспарланған.
Кеңейтілген құрамдағы отырыста қатысушылар макроэкономикалық жағдайды және ЕАЭО мүше мемлекеттердің арасындағы өзара сауда жағдайын талқылайды, агроөнеркәсіп кешені, өнеркәсіп кешені дамуының ортақ болжамдарын және ЕАЭО мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін талқылайды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарланған.
Baq.kz