Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемі артты
Биылғы жылдың 1 сәуіріне 9,5 млн. АҚШ долларын құрайтын 26,2 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталып, өткен жылмен салыстырғанда 66% немесе 3,8 млн. АҚШ долларға артып отыр.
Күріш өнімі - 7 103,1 мың АҚШ долларын (24 722,6 тонна), балық өнімдері – 2 247,8 мың АҚШ долларын (654,1 тонна), бидай қалдығы - 66,4 мың АҚШ долларын (777,3 тонна), картоп 27,1 мың АҚШ долларын (67,8 тонна) және мақсары майы - 33,4 мың АҚШ долларын (10,2 тонна) құрады.
Оның ішінде, өңделген өнімнің экспорты 9,4 млн. АҚШ долларын құрап, жалпы экспортталған ауыл шаруашылығы өнімдері үлесінің 99,7 пайызын құрады.
Пікір 2