ДИҚАНДАР МОЛ ӨНІМНЕН ҮМІТТІ
Ауыл шаруашылығы саласында аудан еңбеккерлері абырой биігінен көрінуді дәстүрге айналдырды. Өткен жылы да толайым табысқа кенелген диқандар биыл да осы сабақтастықтың жалғасы болатынына сенімді. Өткен жылдың өзінде 13 896 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Сондай-ақ, 35 мың 458 гектар алқапқа дән сепкен диқандар рекордтық өнімге қол жеткізді. 22 475 гектар жерге күріш егіліп, одан 124 286 тонна өнім алынды.
Бұрын біздің ауданда бақша дақылдарын егу жұмыстары кенжелеп қалған еді. «Магро» фермер қожалығы өз жұмысын бастағалы бұл мәселе де өз шешімін тапты. Аталған қожалық 100 гектар қауын, 5 гектар көкөніс дақылдарын егіп, өз өнімін республиканың бірқатар аймақтарынан бөлек көршілес мемлекеттерге де экспорттай бастады. Өткен жылдың өзінде 931 тонна қауынның 574 тоннасын және 139 тонна болгар бұрышын Ресей Федерациясына экспорттады. Қалған өнімдер Астана, Ақтөбе және Қызылорда облыстарындағы сауда орындарында сатылымға шықты.
Егін шаруашылығында заманауи техникасыз жұмыс өнімділігі артпайды. Мұны жете түсінген жергілікті шаруашылықтар мемлекет қолдауымен жаңа технологияларға қол жеткізуде. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы техникалары жыл өткен сайын жаңара түсті. Оның басым бөлігі лизинг арқылы алынуда. Мәселен, соңғы екі жылда «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке 37 техника жеткізілді. Қолда бар техниканы жаңарту жұмыстары аталған саланың ілгерілеуіне серпін берді. Өткен жылы облыс қамбасына құйылған алтын дәннің үштен бірін Жалағаш ауданының еңбеккерлері жинады. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады.
Осы жылы аудан бойынша 21 800 гектар күріш, 401 га жаздық бидай, 60 гектар арпа, 2200 гектар мақсары, 3500 гектар жаңа жоңышқа, 900 гектар картоп, 787 гектар көкөніс пен 1000 гектар бақша дақылдары егіліп, 5900 гектар ескі жоңышқа күтімге алынды. Сондай-ақ, «Магро» фермер қожалығы жеке тұрғындармен бірлесіп, «Жаңадария» ауылдық округінен 30 гектар алқапқа қауын, 4 гектар қарбыз, 1 гектар қызанақ пен 1 гектар қияр екті. Бүгінде диқандар мен бақташылар дәстүр бойынша мол өнім алу жолында аянбай еңбек етуде.
Қай кезде де өнімнің көп болуымен қатар оның сапалылығы маңызды рөл атқарады. Себебі, сапалы өнім тұтынуға да экспорттауға да қолайлы. Сұранысқа сай әрі тұтынушының талабына лайық өнім алу үшін минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер аса қажет болады. Ауданда биылғы жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштың көлемі 13800 тоннаны құрады. Оның ішінде аммоний сульфаты 7 мың, карбамид 4 мың тонна болса, аммофоста бұл көрсеткіш 2800 тоннаға жетіп отыр. Қазіргі таңда, минералдық тыңайтқыштардың 10 140 тоннасы жеткізілді.
Жалпы Жалағаш ауданы аграрлық аймақ болғандықтан бұрыннан егін шаруашылығына қолайлы өңірлер қатарында. Тек биыл шаруашылықтар үшін судың тапшы болатыны ескертілген еді. Алайда, әзірге атыздықтар толықтай сумен бастырылып тұр. Алдағы уақытта аудан еңбеккерлері тағы абырой биігінен көрініп, қамбаны астыққа толтырады деп сенеміз.

К.БАЛҒАБАЙ.
Пікір 2