» » АГРОЭКОНОМИКА ДАМУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫНДА

АГРОЭКОНОМИКА ДАМУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫНДА

Аймақта ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылған жұмыстар жемісін берді. Агроөндірістік секторда да тұрақты даму бар. Соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы айналымына 274 мың гектар жер телімі тартылды. Осы аралықта агроөнеркәсіп кешенінің негізгі капиталына 11 млрд теңге инвестиция құйылды. Аталған саланы бағындырған белес Жалағаш ауданында да жетіп артылады. Өткен жылдың өзінде ауданда 13 млрд 896 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. 35 мың 458 гектар алқапқа дән сепкен диқандар толайым табысқа кенелді. Диқандардың әсіресе Сырдың басты дақылына айналған күріш өсірудегі қажырлы еңбегін жоғары бағалауға болады. 22 475 гектар алқапқа Сыр салысын сепкен олар 124 мың 286 тонна өнімге қол жеткізді. Бұл облыс қазынасына құйылған астықтың үштен бірін құрайды.

Ауданда бақша дақылдарын өсіру жұмыстары да жанданып келеді. Бұл салада «Магро» фермер қожалығы қыруар іс тындырды. Жылда бақша дақылдарын егумен айналысатын фермерлік қожалық бүгінде өз өнімін Қазақстаннан бөлек шет елдерге де экспорттап үлгерді. Өткен жылдың өзінде 100 гектар қауын мен 5 гектар көкөніс дақылдарын өсірумен айналысқан олар 931 тонна өнім жинады. 574 тонна қауын мен 139 тонна болгар бұрышын Ресейге экспорттады. Ал, қалған өнімдер Астана, Ақтөбе және Қызылорда қалаларында сатылымға шықты.
Ауыл шаруашылығы бойынша жеткен жетістіктер – мемлекеттің аталған салаға деген қамқорлығының жемісі. 2013 жылы бұл салада өнім өндіретіндерге бар болғаны 215 млн теңге қаржы қаралса, былтыр бұл көрсеткіш 5 млрд теңгеден асты. Нәтижесінде, Сыр елінде бірнеше жыл қатарынан ауыл шаруашылығы өндірісінің өсіміне қол жеткізілді. Аймақта әсіресе егін шаруашылығын әртараптандыру бағдарламасы табысты жүзеге асуда. Соңғы 3 жылда мал азығы және майлы дақылдар егістігі 6 мың гектарға ұлғайды. Нәтижесінде, облыс алғаш рет Қытайға 11 тонна мақсары майын экспорттады. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табады.
Аймақ басшысы өзінің халық алдындағы жылдық есебінде күрішшілерге ерекше алғысын білдірді. Бұл – олардың егіс алқабындағы қажырлы еңбегіне берілген баға. Олар өткен жылы тағы да рекорд жаңартып, 500 мың тоннадан астам күрішті қамбаға құйды. Бұл нәтиже негізінен сорттардың өнімділігін арттыру есебінен қамтамасыз етілді. Бұрын алқаптардың 40 пайызына дейін жай тауарлық күріш егілсе, қазір тек жоғары репродукцияның ғана тұқымы қолданыста. Соңғы 5 жылда күріш өнімділігі гектарына 7,6 центнерге өсті. Нәтижесінде, жалпы күріш жинау осы жылдар аралығында 2 есеге артты. Бұл – диқандар мен ғалымдар еңбегінің жемісі.
Ауыл шаруашылығы кооперациялары арқылы соңғы жылдары мал шаруашылығын дамыту жұмыстары да жүзеге асуда. Соңғы бір жарым жылда 2320 жеке қосалқы шаруашылықтың бірігуімен 84 кооператив құрылды. Олардың мал шаруашылығы бағытындағы 60-ы ет, 13-і сүт өндіруге бағытталған. Нәтижесінде, 801 отбасылық мал бордақылау алаңы мен 385 сүт қоймалары құрылды. Мал басын арттыру мақсатында жергілікті шаруа қожалықтар мемлекет ұсынған бағдарламаларды тиімді пайдалануда. Нәтижесінде, Жалағаш ауданында да төрт түлік мал басында тұрақты өсім қалыптасты. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде ет өндіру 2,5 пайызға артса, бұл көрсеткіш сүт өндірісінде 1,7 пайызды құрады. Ауданда 77 шаруашылық тікелей мал шаруашылығымен айналысуда. Оның ішінде 64 шаруа қожалық «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламасымен өз ісін өрістетуде. Жалпы мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жасауда жергілікті шаруашылықтар белсенділік танытуда. Өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасымен 6 шаруашылық «Ауыл КТ серіктестігі» ЖШС-нан 29,5 млн теңге несие алып, 8 бас асыл тұқымды бұқа мен 219 бас аналық сатып алды. Ал, «Құлан» бағдарламасы бойынша 3 шаруашылық қаржы институттары арқылы 27,5 млн теңге несие алып, 8 бас асыл тұқымды айғыр мен 92 бас биеге қол жеткізді. «Алтын асық» бағдарламасымен Таң ауылдық округінен «Доспанов КС» ЖК өз қаражатымен Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы «Әбіл» ШҚ-нан 7 бас асыл тұқымды қошқар алып, 190 бас жергілікті аналықты ИСЖ, ИАС жүйесіне енгізумен жұмыс жасауда. Былтырдың өзінде мал шаруашылығымен айналысып отырған шаруашылықтар 65 млн теңге көлемінде субсидия алды.
Алдағы уақытта облыста 2020 жылға қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 2,4 есеге, ал, оның экспорттауды 5 еседен асыру жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы өндірісі мен оның өнімдерін өңдеу саласын кластерлік негізде және инновациялық аспектімен дамыту қажет. 2013 жылы Жалағаш элеваторын сатып алып, «Байқоңыр» ӘКК жанынан Агрохолдинг құрылды. Бұл аймақта күріш кластерін құруға негіз болды. Осының арқасында табысты әрі бәсекеге қабілетті күріш шаруашылықтарының саны артуда.


Кенжетай БАЛҒАБАЙ.
27 наурыз 2018 ж. 1 330 2

Гость Jeaplause от 17 ақпан 2019 19:33
Cialis Dosierung Erfahrungen Propecia Funziona viagra Keflex Vs Amoxicillin Costo De Cialis

Гость Jeaplause от 8 наурыз 2019 13:16
Amalaki Priligy Generico Italia Cephalexin Nephrotoxicity viagra vs cialis Comment Obtenir Cytotec Buy Amoxicillin No Prescription Canada Acheter Viagra Site Securise

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930