ӨҢІР ӘЛЕУЕТІ АРТА ТҮСЕДІ
«Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттер қай саланың болмасын жұмысының ілгерілеуіне оң әсерін тигізері сөзсіз. Себебі, саяси құжатта ел экономикасын нығайту үшін қандай жұмыстар мен тың бастамаларға қадам басу керектігі айқын көрсетілген. Алдағы мақсат – әрбір қазақстандық Жолдаудан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етуі қажет». Облыс әкімдігіндегі өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев осылай деді. Сондай-ақ, ол былтыр Жалағаш ауданында атқарылған жұмыстар төңірегінде кеңінен баяндап, алдағы атқарылатын жұмыстар жоспарымен бөлісті.
БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Қайратбек Әубәкірұлы өткен жыл еліміз үшін елеулі оқиғаларға толы болғанын атап өтіп, Жолдауда жүктелген міндеттер жүзеге асса биыл да біраз жетістікке қол жеткізуге мүмкіндік туатынын тілге тиек етті.
– Жолдаудың басты идеясы – өнеркәсіптік революцияның жаңа мүмкіндіктерін өзіміздің даму мақсатымызға пайдалану. Демек, жаңа технологияларды енгізу тек мемлекеттік басқаруда ғана емес, индустриалды дамуда, ауыл шаруашылығы саласында, көліктік-логистикалық кешендерде, білім беру мен денсаулық сақтау салаларында да нақты маңыздылығын танытып отыр. Төртінші өнеркәсіптік революция дүниенің мазмұнын өзгертпейді, санамызды өзгертеді, өмір сүру сапасын өзгертеді. Былтырғы Жолдау әлеуметтік-экономикалық сипатта болса, биылғы саяси құжаттың өзегі технологияландыру мен цифрландыру екенін анық байқаймыз. Ауданда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында тиісті жұмыстар қолға алынды. Бүгінде Аққыр, Жаңадария, Жаңаталап, Далдабай, Мырзабай ахун, Жаңақоныс елді мекенінің тұрғындары сымсыз EVDO байланысы арқылы интернет желісіне қол жеткізіп отыр. Бірақ, бұл байланыс түрі пайдаланушылардың интернетке сұранысына сәйкес келмейді. Мырзабай ахун, Аққұм, Аламесек, Жаңадария, Жаңаталап, Мақпалкөл ауылдарын интернетке «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңінің шеңберінде жердегі талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы қосу қолға алынады. Ал, екінші кезеңінің шеңберінде LTE-800 мобилді байланыс желілері арқылы Аққыр ауылы мен Далдабай, Жаңақоныс елді мекендерін интернетке қосу жоспарлануда, – деді аудан әкімі.
Айта кетейік, аталған бағдарламаның 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында облыс бойынша биыл халықтың компьютерлік сауаттылығын кем дегенде 76 пайызға жеткізу жоспарланған болатын. Компьютерлік сауаттылықты қамту мақсатында аудан бойынша 1761 адамды білім беру ұйымдарының базасында оқыту қолға алынады. Жалпы Жалағашта білім беру саласындағы цифрландыру жұмыстары да жүйелі түрде жүзеге асуда. Өңірдегі 20 мектептегі 6412 оқушыға 1226 мұғалім, оның ішінде 47 информатика пәнінің мұғалімі сабақ береді. Сонымен қатар, 20 бағдарламашы мен 20 инженер жұмыс жасауда. Бағдарламаның ұтымды тұстары мен өңірде қолға алынған жобалар жайында баяндаған аудан басшысы Жалағаш төңірегінде өткен жылы атқарылған жұмыстарға да кеңінен тоқталды.
Жалпы ауданда экономикалық өсімді қамтамасыз ету мен әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар нәтижесін беруде. Барлық сала бойынша қолға алған жобалар жемісті болды. Өткен жылы өнеркәсіп өнімдерін өндіру 8,7 пайызға артып, 2016 жылмен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібі 105,7 пайызға орындалды. Өңірдегі өнеркәсіп өнімін өндіретін ірі кәсіпорын «АгроХолдингБайқоңыр» ЖШС былтыр облыстың 47 шаруашылық құрылымдарымен 1 млрд 745,3 млн теңгеге қаржыландыруға келісімшартқа отырды. Оның ішінде ауданның 18 шаруашылығы 438 млн теңгеге жұмыс жасады.
Негізгі қорға тартылған инвестиция көлемі 5 млрд 908 млн теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 3 есеге өсті. Аудан бюджетінің нақтыланған жалпы түсімі 7 млрд 584 млн теңгеге орындалды. Оның ішінде 1 млрд 221 млн теңге жергілікті кірістен құралса, қалғаны республика мен облыс қазынасынан келген қаражат.
Жалпы бұл аймақ аграрлық өңір болғандықтан ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ден қойылып отыр. Өткен жылы 13 896 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырсақ 4,4 пайызға артқандығын байқатады. Сондай-ақ, былтыр 35 458 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. 22 475 гектарға Сырдың басты дақылы саналатын күріш себіліп, аудан алтын күзде астыққа кенелді. Облыс қамбасына құйылған 500 мың тонна күріштің үштен бірі Жалағаш ауданына тиесілі.
Бақша дақылдарына келсек, «Магро» фермер қожалығы 100 гектар қауын, 5 гектар көкөніс дақылдарын егіп, 574 тонна қауын мен 139 тонна болгар бұрышын Ресейге экспорттады. Қалған өнімдер Астана, Ақтөбе және Қызылорда қалаларындағы сауда орындарында өз тұтынушысын тапты.
Мал шаруашылығымен айналысқан жергілікті тұрғындар оның санын көбейтумен шектелмей асылдандыру мақсатында да біраз шаруаны қолға алуда. Бұл орайда шаруа қожалықтар мемлекет ұсынған бағдарламаларды тиімді пайдалануда. Нәтижесінде төрт түлік мал басында едәуір өсім қалыптасты. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша да жетістіктер аз емес. Ет өндіру 2,6 пайызға артса, сүт өндіруде бұл көрсеткіш 1,5 пайызға өскен. Өңірдегі 77 шаруашылық тікелей мал шаруашылығымен айналысса, оның 64-і «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларымен кәсібін жандандыруда. Былтыр «Сыбаға» бағдарламасымен 6 шаруашылық 29,5 млн теңге, «Құлан» бағдарламасы бойынша 3 шаруашылық 27,5 млн теңге несие алып, мал шаруашылығын дамытуда. «Бақдаулет-57» ШҚ ет бағытындағы қазақтың ақбас сиыры асыл тұқымды шаруашылығы статусын алды.
Жыл ішінде мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар 65 млн теңге көлеміндегі субсидияға қол жеткізді. Аталған саланы дамытуда жергілікті шаруашылықтардың бірігумен құрылған кооперативтер де тиісті жұмыстар атқарып, табысқа кенелуде.
Өңір әлеуетін арттырумен қатар экономикада тұрақты өсім қалыптастыру үшін кәсіпкерлік саласын дамыту маңызды рөл атқарады. Осы орайда кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында Жалағаш ауданында да үлкен жобалар қолға алынуда. Өткен жылдың өзінде кәсіпкерлік саласында 1 млрд 131 млн теңгенің өнімдері өндіріліп, бюджетке 103 млн теңге салық түсті. Бұл жалпы салық түсімінің 8,7 пайызын құрайды. Өңірде 2373 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, бүгінде оның 1780-і жұмыс жасап тұр. Кәсіпкерлік нысандарында 8482 адам жұмыс жасайды. Биыл Сыр халқы үшін аймақ басшысы жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы деп жариялады. Осылайша облыста жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 32 млрд теңге қаржы қаралады. Аудан басшысы игі бастамалардың арқасында өңірге кәсіпкерлік саласы әлі де алға жылжитынын атап өтті.
Брифинг барысында денсаулық, білім, спорт сияқты бірқатар салалар бойынша жетістіктерді тілге тиек еткен Қайратбек Сәрсенбаев осы жылы да ауданда үлкен жобалар қолға алынып, кентті көкейту жұмыстарының күн тәртібінен түспейтінін айтты. Жиын соңында бірқатар БАҚ өкілі аудан басшысына сауалдар жолдады. Ал, Қайратбек Әубәкірұлы алдағы мақсатымен бөлісіп, өңірдегі бірқатар мәселелердің кезең-кезеңімен жүзеге асатынын жеткізді.
Кенжетай БАЛҒАБАЙ.