» » Өңір дамуында серпін бар

Өңір дамуында серпін бар

Облыс әкімінің халық алдындағы есепті кездесуінде қамтылмаған сала жоқ. Барлық сала бойынша қолға алынған жобалардың өз жемісін беруі тек мені ғана емес, жалпы облыс халқын қуантып отыр. Құрылыс бойынша өңірде атқарылған жұмыстар айтпаса да көзге көрініп тұр. Ал, ауыл шаруашылығына ерекше тоқталған аймақ басшысының диқандар қауымына алғыс білдіруі және Елбасының алғысын жеткізуі өте орынды. Бұл – атыздық басында жаз бойы еңбек еткен диқандардың еселі еңбегінің бағаланғаны. Рас, мемлекет соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ден қойып, қыруар қаржы да жұмсауда. Осындай қолдауды тиімді пайдаланып, қырманды астыққа толтырған еңбек адамдарына бәріміздің де айтар алғысымыз мол.

Егін шаруашылығын әртараптандыру бағдарламасы біздің аймақта да сәтті жүзеге асуда. Соңғы 3 жылда облыста мал азығы мен майлы дақылдар егістігі 6 мың гектарға ұлғайған. Осының арқасында биыл біз алғаш рет Қытайға 11 тонна мақсары майын экспорттаған екенбіз. Міне, бұл біз үшін үлкен жетістік. Соңғы жылдары қол жеткізген өнімді сыртқа экспорттау қанат жайып келеді. Біз дәл осы қарқынмен алға өрлей берсек, бір күні мемлекетіміздің импортқа тәуелділіктен арылары сөзсіз. Облыс әкімі биыл тек жыл көлеміндегі жұмыстармен шектелген жоқ. Соңғы 5 жылда атқарылған жұмыстарды кеңінен баяндады.
Рас, облыстың соңғы 5 жылда адам танымастай өзгергені баршаға аян. Бәлкім, өзімізге байқалмайтын шығар. Бірақ, сырттан келген меймандар аймақ ажарының адам танымастай кейіпке енгенін, зәулім ғимараттардың бой көтергенін айтып көңіліңді бір көтеріп тастайды. Қуанбағанда қайтесің? Өзің туып-өскен өңірдің жеткен жетістігін сырттан естігенде төбең көкке бір елі жетпей қалғандай риза боласың.
Жалпы аймақ басшысының алға қойған жоспарлары табысты жүзеге асып жатыр деп толықтай айта аламыз. Бір ғана ауыл шаруашылығы саласын алып қарасақ, диқандар шаруасының ширағанын байқайсың. Өткен жылы облыс қамбасына 500 мың тонна күріш құйылса, Жалағаш ауданы 124 286 тонна өнімге қол жеткізді. Бұл облыс қамбасына құйылған астықтың үштен бірін құрап отыр. Аймақ басшысы аталған саланы әлі де ілгерілетудің тиімді тұстарын атап өтті. Осы бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын тапса, аграрлық аймақтың әлеуметтік жағдайы жақсара түседі.

17 ақпан 2018 ж. 872 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 680

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031