» » » Оң өзгерістер – еселі еңбектің жемісі

Оң өзгерістер – еселі еңбектің жемісі

Соңғы жылдары ауданның экономикалық дамуының нәтижесінде әлеуметтік мәселелер өз шешімін тауып келеді. Аудан әкімінің есебінде биыл да игі бастамалар қолға алынатыны айтылды. Соның ішінде, ауданға газ келетіні халықты ерекше қуантты. Демек, көп кешікпей жалағаштықтар да табиғи газ игілігін көрмек. Жылдан-жылға қатты отынның бағасы шарықтап барады. Қыстан шығуға бірнеше тонна көмір, тамызық отын қажет. Бұл тұрғындардың қалтасына да оңай тимесі анық. Сондықтан, ауданға табиғи газ желісінің тартылуы ең алдымен тұрғындарға тиімді. Тағы бір айта кетерлігі, қазір кәсіпкерлікті дамытуға басымдық берілуде. Газ келсе, іскер азаматтар жылыжай шаруашылығын да қолға алуға құлшынып отыр. Алдағы уақытта аурухана құрылысы, Жалағаш кентін жаңғырту, абаттандыру және көркейту жұмыстары басталмақ.
Міне, алдағы уақытта осындай маңызды мәселелер шешіліп, тың бастамаларды қолға алған өңір басшысының жұмысы көпшілікті қуантты. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген дана халқымыздың қанатты сөзі бар. Елде тыныштық пен бірлік болса, өңір әлеуетін арттыратын жобалар жүзеге асса жемісін береріне сеніміміз мол.

Әлтай Пірманов,
Есет батыр ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы.
27 қаңтар 2018 ж. 1 026 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031