» » Бес жылдағы белес – алдағы асулар баспалдағы

Бес жылдағы белес – алдағы асулар баспалдағы

Сәрсенбіде облыс орталығындағы Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдында есеп берді. Есепті кездесуге ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғ.Әбдірахымов, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Н.Тілешов пен ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің бас инспекторы С.Қизат қатысты. Жылдық есеп ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «QYZYLORDA» телеарнасынан тікелей эфир арқылы және облыс әкімдігінің ресми интернет ресурсында, YouTube сервисінде және Facebook әлеуметтік желісінде онлайн режимінде жұртшылық назарына ұсынылды. Сондай-ақ, барлық аудан әкімдіктері мен Байқоңыр қаласымен арнайы бейнебайланыс орнатылды. Жалағаштықтар да онлайн режимде облыс көлеміндегі он екі айда атқарылған жұмыстармен қанықты. Алдын ала халықтың ұсыныс-пікірлерін жинау үшін барлық әкімдіктерде және адамдар көп жиналатын орындарда жәшіктер орнатылған. Сонымен қатар арнайы call-орталық және сайт қызметі жұмыс жасады.

Жиында аймақ басшысы тек өткен жылғы жүзеге асқан шаруалармен шектелмей Сыр өңірінде соңғы 5 жылда атқарылған жұмыстарды кеңінен тарқатты. Жалпы былтырғы жұмыс жоспарының негізгі басымдықтары жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, адами әлеуетті дамыту, бағаның ретсіз көтерілуіне жол бермеу, экономиканы әртараптандыру, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті және халықаралық қаржы ұйымдарын тарту арқылы инфрақұрылымды дамыту секілді мәселелер болатын. Қолға алуға тиесілі 320 іс-шараның 232-сі жүзеге асты. Ал, тұрақты және ұзақ мерзімді сипаттағы қалған шаралар биыл өз жемісін береді деп жоспарлануда.
Экономиканы индустрияландыру арқылы әртараптандыру жұмыстары да жемісті болды. Барлық сала бойынша ілгерілеушілік бар. Тек мұнай өндіруден ғана межеленген өнімге қол жеткізе алмадық, алайда экономиканы әртараптыру бағытында атқарылған жұмыстар бұл олқылықтың орнын толтырды деп айтуға болады. Осылайша Қызылорда облысы алдағы уақытта уран мен қара алтынның құны жоғалған күнде де дағдарысқа жол бермейтінін тағы бір дәлелдеді. Соңғы 5 жылда Сыр өңірінде 50-ден астам өнеркәсіп нысаны өз жұмысын бастаса, оның 16-сы – ірі және орта кәсіпорын. Нәтижесінде, өңдеуші секторда өндірілген өнім көлемі 65 пайызға, ал шикізаттық емес сектордың экспорт көлемі өткен жылдың өзінде 60 пайызға артты.
Мұның барлығы атқарылған жұмыстардың жемісі. Ал, алға қойған мақсат та жоқ емес. Биыл шыны және тампонажды цемент өндіретін зауыттарды, үш окись молибден өндірісін іске қосу жоспарда бар. Кездесуде аймақ басшысы биыл Сыр елі үшін «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» болып жарияланғанын атап өтті. Осы бағытта атқарылатын жұмыстар да экономикада тұрақты өсім қалыптастырары сөзсіз. Себебі, өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 32 млрд теңге бөлінеді. Соңғы жылдары кәсіпкерлікпен айналысатындар 22-ден 26 пайызға, шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілер саны өткен жылы 5,2 пайызға жетті. Аймақ басшысы мұнымен шектелмей жалпыөңірлік өнім көлеміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 45-50 пайызға дейін жеткізу қажеттігін атап өтті.
Есепті кездесуде мұнан өзге де салалар бойынша атқарылған жұмыстар аймақ басшысы назарынан тыс қалған жоқ. Ол әсіресе ауыл шаруашылығы саласында Сыр елінің соңғы жылдары толайым табысқа кенелгенін атап өтті. Облыс әкімі осы ретте жаз бойы егіс алқабында табысты еңбек еткен диқандар қауымына алғысын білдірді.
– Егін шаруашылығын әртараптандыру бағдарламасы табысты жүзеге асуда. Соңғы 3 жылда мал азығы және майлы дақылдар егістігі 6 мың гектарға ұлғайды. Нәтижесінде, биыл біз алғаш рет Қытайға 11 тонна мақсары майын экспорттадық. Өндірістік негіздегі картоп, көкөніс және бақша өндірісі дами бастады. Алдағы жылы да бұл жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Бүгін мен күрішшілерге айрықша алғысымды айтқым келеді. Олар 2017 жылы әдеттегі рекордты тағы да жаңартып, бұрын-соңды болмаған 500 мың тоннадан астам күріш жинады. Мұндай нәтиже негізінен сорттардың өнімділігін арттыру есебінен қамтамасыз етілді. Егер, бұрын егістіктердің 40 пайызына дейін жай тауарлық күріш егілген болса, қазір біз тек жоғары репродукцияның ғана тұқымын қолданамыз. Бұл – біздің күрішші диқандарымыз бен ғалымдардың ерен еңбегінің жемісі, – деді ол.
Кездесуде ауыл шаруашылығы өндірісі мен оның өнімдерін өңдеу саласын кластерлік негізде және инновациялық аспектімен дамыту қажеттігі айтылды. Осы орайда 2013 жылы Жалағаштағы «Байқоңыр» ӘКК жанынан Агрохолдинг құрылды. Бұл Сыр өңірінде күріш кластерін құруға негіз болды. Нәтижесінде, табысты әрі бәсекеге қабілетті күріш шаруашылықтарының саны артты.
Аймақ басшысы соңғы жылдары өңірде құрылыстың қарқын алғанын тілге тиек етіп, құрыш қолды құрылысшыларға да ерекше алғысын білдірді.
– Бізде 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, бүгінде бұл көрсеткіш 600 мың шаршы метрден асып түсті. Яғни, екі есе көп берілуде. Нәтижесінде, облыс орталығының өзінде ғана соңғы жылдары 14 жаңа шағын аудан пайда болды. Облыста 5 жыл ішінде 2 млн шаршы метр тұрғын үй берілді. 2017 жылы біз Қызылорда қаласында тұрғын үйдің апаттылығы бойынша үй кезегінде тұрғандардың мәселесін шеше алдық. Тек соңғы 3 жылдың өзінде 309 отбасы апатты үйдің орнына жаңа жайлы пәтерге ие болды. Егер, біз осы науқанды бастаған 2013 жылдан бергіні есептер болсақ, онда жаңа пәтерлерге 500-ден астам отбасы ие болды. Енді біз алдымызға мақсат ретінде өңір тұрғындарының әлеуметтік осал тобын мейлінше қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуді қойдық. Сол үшін 2017 жылы 3 жылға есептелген «Орда» тұрғын үй құрылысының «жол картасын» әзірледік, – деді Қ.Көшербаев.
Бүгінгі таңда облыс халқының 63 пайызы табиғи газ тұтынуға мүмкіндік алды. Ал, 95 пайызы орталықтандырылған су жүйесімен қамтылды. Соңғы жылдары тек қала төңірегін ғана емес аудан орталықтарын да көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары сәтті жүзеге асуда. Нәтижесінде, облысқа қарасты 4 ауданның тұрғындары көгілдір отынның игілігін көруде. Биылдың өзінде Жосалы кентін газдандыру жұмыстары басталады. Ал, қалған Жалағаш пен Тереңөзек кенттеріне газ құбырларын жеткізу де жоспарда бар. Күзде Жалағаш кентін газдандыру жұмыстары басталса, келер жылы аудан халқы қатты отынға тәуелділіктен арылады.
Облыс басшысы медицина, білім, спорт сияқты бірқатар салаларға да тоқталып, алдағы жоспарын көпшілікпен бөлісті. Ол әсіресе соңғы 5 жылда атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша білім саласын ерекше бағалады. Сондай-ақ, Жалағашта биыл орталық аурухананың кірпіші қаланатынын жеткізіп, ауданға қарасты М.Шәменов ауылында 300 орындық жаңа білім ошағы бой көтеретінін жеткізді. Кездесу соңында аймақ басшысына жергілікті тұрғындар тарапынан бірқатар сұрақ қойылды. Сондай-ақ, барлық аудан мен Байқоңыр қаласынан онлайн режим арқылы тұрғындар сауал жолдады. Кездесу соңында сұрақтарға жауап берген облыс әкімінің есебі жұртшылық тарапынан жоғары бағаланды.

Кенжетай БАЛҒАБАЙ.

17 ақпан 2018 ж. 815 2

Гость Jeaplause от 18 ақпан 2019 21:08
Slut Load Keflex Talwin And Clotrimazole priligy in canada Nolvadex Cycle Zentel Tablet No Prescription Amex Store

Гость Jeaplause от 10 наурыз 2019 14:24
Neurontin Baclofene viagra Viagra Sin Receta Cialis Soft Generique

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930