» » Алматыда тегін Wi-Fi тарататын "ақылды" орындықтар пайда болады

Алматыда тегін Wi-Fi тарататын "ақылды" орындықтар пайда болады

ÐлмаÑÑда ÑегÑн инÑеÑÐ½ÐµÑ ÑаÑаÑаÑÑн "аÒÑлдÑ" оÑÑндÑÒÑÐ°Ñ Ð¿Ð°Ð¹Ð´Ð° боладÑ

Алматы көшелерінде тегін Wi-Fi тарататын орындықтар пайда болуы мүмкін. Сымсыз ғаламтор 20 метр қашықтықтан ұстайды. Сонымен қатар, онда күн сәулесінен қуат алатын екі батарея орнатылады. Сондықтан қала тұрғындары оны жыл он екі ай пайдалана алады деп хабарлайды Алматы арнасы.

Одан бөлек, смарт-орындықта телефонды да қуаттауға болады. Ақылды орындықтар қашан орнатылатыны белгісіз. Құрастырушы компания өкілдері қазір Алматы әкімдігімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтады.  

«Бұл смарт-орындықтар басқаларға қарағанда ерекше. Онда үлкен екі батарея орнатылған. Олар күннен қуат алады да, үш күн бойы тоқтаусыз жұмыс істеуге қауқарлы.

Сондай-ақ, телефонды сымсыз және сыммен қуаттайтын жері бар. Төбесі де жабылған. Сондықтан ауа райына қарамастан, оны кез келген уақытта пайдалануға болады.

Бір орындықтың құны шамамен 1 миллион теңге тұрады», – деді смарт орындықтарды құрастырушы компания директорының орынбасары Сергей Шакиров. 

12 қыркүйек 2018 ж. 892 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031