» » Астанада «ақылды» орындықтар орнатылды

Астанада «ақылды» орындықтар орнатылды

ÐÑÑанада «аÒÑлдÑ» оÑÑндÑÒÑÐ°Ñ Ð¾ÑнаÑÑлдÑ



 Астананың сол жағалауындағы жаңа веложолдардың бойында 39 смарт орындық орнатылды, деп жазады Елорда Инфо

Бұл орындықтар - Астананың 20 жылдығына Павлодар облысының жасаған сыйы.


Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінде атап өткендей, орындықтардың смартфондарға блютуз арқылы қосылу және динамика арқылы музыка тындау қызметі бар. Сондай-ақ телефонды сымсыз және USB порт арқылы қуаттауға болады. Орындықтар электр қуатын оған орнатылған күн батареялары арқылы алады.





Ең бастысы - бұл орындықтар велосипедтер үшін тұрақ қызметін де атқара алады. Смарт орындықтардың жаңа веложолдардың маңайына орнатылған себебі де сол.



Белгілі болғандай, ақылды орындықтар Қытайда жасалған, оның біреуінің бағасы 1,2 млн теңге. Әр орындықтың үш жылға дейін кепілдік мерзімі бар.




03 тамыз 2018 ж. 963 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 214

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930