» » Елімізде ағылшын үлгісінде ұлттық компания құрылатын болды

Елімізде ағылшын үлгісінде ұлттық компания құрылатын болды


Жаңа компания Азаматтық авиацияны қадағалаумен айналыспақ. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, ағылшын үлгісінде жасақталатын мекеме министрлікке бағынышты болады, деп хабарлайды КТК.

Елдегі ұшақ санының артуы мен авиациялық жұмыстардың көбеюінен ұшақ апаттары да жиілеген дейді министр. Мәселен, былтырдың өзінде ел аумағында 5 шағын ұшақ құлап, соның салдарынан 11 адам қаза тапқан. Олардың ішінде көбірек адам шығыны болғаны – қазан айындағы Ан-28 санитарлық авиация ұшағы мен Азаматтық авиация академиясының «Текнам» оқу-жаттығу ұшағының құлауы болды. Екі жағдай бойынша да тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Жаңадан құрылатын ұлттық компания енді осындай олқылықтарды жібермеуі тиіс.
“Біз британ үлгісін енгізудің жолдарын әзірледік. Ол үшін заңға бірқатар өзгерістер енгізу керек. Яғни, ұшу қауіпсіздігі бойынша бақылау-қадағалау қызметтері жаңадан құрылатын компанияның құзыретіне өтеді. Ал компания министрлікке бағынышты болады”, – дейді  ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
24 қаңтар 2018 ж. 852 0