Ұлттық валюта бағамы долларына 353 теңгеге әлсіреді
KASE күндізгі саудасының нәтижелері бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 353,34 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
21 қыркүйек таңғы сессияда бір доллар 352,09 теңге болған еді. 21 қыркүйек күндіз ең бірінші сауда 350,05 теңге бағасымен өтті. Ең төменгі баға - 349,50 теңге. Ал ең жоғары баға 356,20 теңге болды. Соңғы келісім 355,99 теңгемен жасалды. Сауданың жалпы көлемі 81,150 миллион долларға жетті. Kurs.kz деректері бойынша, ақша айырбастау орындарында ұлттық валюта 355-360 теңгеге бағаланған. Астана уақыты бойынша сағат 15.35-тегі жағдайға сәйкес, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 79,370 доллар. Соңғы рет теңгенің бағамы 11 қыркүйекте құлдыраған еді. 12 қыркүйектен бастап нығая бастаған.
Kaz.tengrinews.kz