Қазақстан бидай экспортын ұлғайтты
2018 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстаннан экспортқа шығарылған бидай 3,4 млн тоннаны құрады. Бұл көлем 2017 жылдың қаңтарындағы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 52,3% өскен, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі LS порталына сілтеме жасап.
Шетелге жеткізілген бидай көлемінің жалпы құны 523,7 млн долларды құрады. Тауар экспортынан түскен табыс көлемі 48,2% өсті.
Астықтың ең көп бөлігі Өзбекстанға жөнелтілген. Көрші елге 160,4 млн долларға 1,3 млн тонна бидай көлемі экспортталған. Тәжікстан 86,4 млн долларға 580,5 мың тонна, Ауғанстан 33,6 млн долларға 201 мың тонна, Түркия 48,9 млн долларға 233,8 мың тонна бидай сатып алған. Сол сияқты, Қытай 53,2 млн долларға 307,6 мың тонна, ал Әзербайжан 20 млн долларға 118,1 мың тонна бидай импорттаған.
Сонымен қатар, Қазақстан қаңтар-шілде аралығында 238,3 млн долларға 1,2 млн тонна үн сатқан. Жеткізу заттай көріністе 5% артып, ақшалай сипатта 3,7% төмендеген.
Бұл тауардың негізгі сатып алушылары Ауғанстан (143,8 млн долларға 740,2 мың тонна) және Өзбекстан (70,8 млн долларға 418,9 мың тонна) болған.
Baq.kz
Пікір 2