» » БЖЗҚ-да 2040 жылы қазақстандықтардың зейнетақысы қалай есептелетінін айтты

БЖЗҚ-да 2040 жылы қазақстандықтардың зейнетақысы қалай есептелетінін айтты

ÐÐÐÒ 2040 жÑÐ»Ñ Ð±Ð°Ð·Ð°Ð»ÑÒ Ð·ÐµÐ¹Ð½ÐµÑаÒÑ Ð¶Ð¾Ð¹ÑÐ»Ð°Ð´Ñ Ð´ÐµÐ³ÐµÐ½ аÒпаÑаÑÑÑ Ð¶Ð¾ÒÒа ÑÑÒаÑдÑ

Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры Қазақстанда базалық зейнетақыны алып тастайды, мемлекет жауапкершіліктен алынады деген ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Фондтың баспасөз қызметінің мәліметінше, БЖЗҚ басшысы Нұрбүбі Наурызбаева қазіргі уақытта зейнетақының мемлекеттік бюджет пен жеке зейнетақы жинағынан құралғанын айтты.
Сондай-ақ, «ҚР Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңына сәйкес, ынтымақты зейнетақыны 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін 6 айлық еңбек өтілі бар адамдар алады.
2040 жылы зейнетке шығатын азаматтар 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі жоқ болса, базалық зейнетақы ала алады. Ол мемлекет бюджеті мен қордағы жеке зейнетақы жинағынан құралады.
Қор басшысы азаматтардың өзіндік зейнетақы капиталын құруға кеңес берді. Базалық зейнетақының жойылатыны туралы айтылған жоқ. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақы мөлшері еңбек өтілі мен зейнетақы жинақ қорына қанша уақыттан бері қатысатынына байланысты екені атап өтілді.
Сонымен қатар, мемлекет БЖЗҚ-на салынған зейнетақы қорының сақталуына жауап береді.
«БАҚ-та жазылғандай, БЖЗҚ-ның базалық зейнетақының алып тастайтыны туралы және мемлекеттің зейнетақы сыйақысы үшін өзінен жауапкершілікті алатыны туралы ақпарат жалған екені хабарланды», – деді БЖЗҚ-да.


Stan.kz 

28 қыркүйек 2018 ж. 983 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 650

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30