» » Қазақстанда көлік бағасы 12 пайызға арзандамақшы

Қазақстанда көлік бағасы 12 пайызға арзандамақшы


Қазақстандық кәсіпорындардың бөлшектерінен жасалған жеңіл автокөліктер, жүк көліктері, тракторлар мен арнайы техникалар қосымша құн салығынан босатылады.

ҚР инвестициялар және даму министрлігі “Cату кезінде қосымша құн салығынан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникаларының тізімін бекіту туралы” бұйрық дайындап жатыр. Құжатқа ақпан айында қол қойылып, жарияланбақ, деп хабарлайды Sputnik  басылымы.
Бұйрыққа сәйкес, қазақстандық кәсіпорындардың бөлшектерінен жасалған жеңіл автокөліктер,  жүк көліктері, тракторлар мен арнайы техникалар қосымша құн салығынан босатылады.
Яғни шеттен әкелінетін бөлшектерден көлік құрастыратын және ҚР инвестициялар және даму министрлігінен қолдау алған жергілікті зауыттардың өнімдеріне салық салынбайды. Сәйкесінше Қазақстанда құрастырылатын көліктер 12 пайызға арзандауы мүмкін.
Осы орайда “ҚҚС жойылғаннан кейін автосалондарда баға арзандайды ма?” деген заңды сауал туындайды. Кәсіпкерлер әзірге толыққанды жауап бере алмай отыр (олардың арасынан БИПЭК АВТО ғана жауап берді).
Олардың айтуынша, бұл мәселеге қатысты соңғы шешім әлі қабылданбаған, бірақ құжат күшіне енгеннен кейін мәселенің түйіні тарқатылмақ.

http://stan.kz
27 қаңтар 2018 ж. 1 011 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930